ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН ӘКІМІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ БОЛҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Әлеумет
Түркия елінің Анталия қаласында 19 елден 500 команда қатысқан “Fibonacci Robot Olympiad Turkey” халықаралық чемпионатында Шардара ауданының оқушылары бақ сынап, төрт бірдей командасы жүлделі III-орынды жеңіп алды!

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев халықаралық жарыста ауданымыздың абыройын асқақтатып, ғылыми тұрғыда оң нәтиже көрсеткен жас ғалымдар мен мұғалімдерді жеке қабылдады.
Аудан басшысы Шардара ауданы Әлемге спортпен ғана емес, ғылым жағынан да танылып келе жатқанын айтып, Түркия елінде жүлдегер болған жас ғалымдар мен олардың жетекшілеріне Алғыс хат пен сый-сияпаттар тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Италия елінде өтетін Әлемдік чемпионатқа сәттілік тілеп, жеңімпаз болуларына сенім білдірді.
Тарқатып айтсақ, аталған жарыста ауданымыздағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің "NurShar" командасы “3 kg LEGO SUMO” (9–12 сынып) категориясы бойынша жас роботшыларымыз Абдырхан Қайсар мен Атабай Бақдәулет және №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің "Shardara Auezov" командасы “Инновациялық жоба” (кіші топ) категория бойынша жас дарындыларымыз Құттыбек Ақтілек пен Бөгенбай Бибінұр, сондай-ақ, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп интернаттан «Avtonomny car» және «minisumо» санатына қатысып Ережеп Уәлихан және Әділбекұлы Берікболсын III орынды иеленді. Төрт команда да ағымдағы жылдың қараша ай-ында Италия елінің Рим қаласында өтетін Әлемдік чемпионатқа жолдама жеңіп алды.
Қазақстанның абыройын асырып, ғылым мен робототехникада биіктерді бағындырар жас дарындарымызға сәттілік пен шабыт тілейміз!
Аудан әкімнің баспасөз қызметі
Made on
Tilda