ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Әлеумет
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың өкімімен Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы 2025 жылғы 21 сәуірден бастап барлық қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығымен Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Қуанышбайұлы Шардара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Бауыржан Қуанышбайұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы жұ-мыстарында мол жетістіктер тілейміз.
«Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda