2024 жылдың 15 сәуір күні, Шардара ауданы “Мансап орталығы”филиалы, Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде пробация есебіндегі, бас бостандығынан айыру мекемелерінен мерзімнен бұрын босаған азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалпы жұмыссыздарға арналған,”БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕНКЕСІ” өтті. Жәрмеңке бұл жұмыс берушілер мен біз үшін де пайдасы зор. Барша азаматтар өздеріне ыңғайлы жұмыс орындарын таңдап, еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосты. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Пробация бөлімінің басшысы мен сот орындаушы және жұмыс берушілер қатысты.
Жәрмеңкеге жалпы жұмыс іздеуші 81 азамат қатысты, оның ішінде ауданға қарасты 13 жұмыс беруші 51 бос жұмыс орындары ұсынып, 31 азамат тұрақты жұмысқа және уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 50 азамат жолданды.
Оның ішінде нысаналы топтағы жұмыссыздар қатарынан мүгедектігі шектеулі 7 азамат қатысып, оның 3-уі жұмысқа жолданды, пробация есебінде тұрған 5 азамат қатысып, оның 2-уі тұрақты жұмысқа жолданды.
Шардара ауданы “Мансап орталығы”филиалының баспасөз қызметі