Наурыз – көктемнің шырайлы шуағын ала келетін, халықтың қастерлі дәстүрімен сабақтасқан ұлы мереке. Бұл күн – табиғат пен тіршіліктің жаңғыруы, адам мен айналаның жаңаруы, мейірім мен ізгіліктің символы. Әз-Наурыз – бірлік пен берекенің, татулық пен ырыс-құттың бастауы.
Біздің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасында бұл мейрам жыл сайын ерекше сән-салтанатымен аталып өтеді. Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып, "Балапан" тобының тәрбиеленушілері үшін әріптесім Есалиева Боранкүл Үскенбайқызымен бірге Наурыз мерекесіне арналған ерекше іс-шара ұйымдастырдық.
Іс-шара барысында балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, халқымыздың салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Бұл мереке – бүлдіршіндер үшін тек қызықты ойын-сауық қана емес, халқымыздың бай мәдениетімен, әдет-ғұрпымен танысудың үлкен мүмкіндігі болды. Балалар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызын түсініп, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре түсті.
Наурыз – тек табиғаттың ғана емес, адамдардың да жүрек түкпіріндегі мейірімін оятатын, реніштерді ұмытып, татулыққа шақыратын ерекше сәт. Сондықтан біз, тәрбиешілер, бүлдіршіндеріміздің санасына осы мейрамның терең мәнін сіңіруге, ұлттық рух пен патриотизмді бойларына дарытуға барымызды саламыз.
Наурыз мерекесінің басты тағамы – наурыз көже де іс-шараның маңызды бөлігі болды. Балабақшада балаларға оның жасалу жолы таныстырылып, дастарқан басында береке мен молшылық туралы қызықты әңгімелер айтылды.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық сана мен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырамыз. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!
Наурыз құтты болсын!
АПТИХАЕМОВА Айгерім – "Балбөбек" бөбекжай-бақшасының "Балапан" тобының тәрбиешісі