ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Референдумда таңдау жасай білейік

Әлеумет
2024 жылдың 6 қазанында рес-публикалық референдум өткізіліп, онда Қазақстан халқы «Сіз Қазақ-станда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалға өз таңдауларын жасамақ. Бұл жө-нінде Мемлекет басшысы көптен айтып жүретін. Себебі ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше 2035 жылдан ары қарай елімізде электр энергиясын өндіретін көз-дердің ескіруіне, жаңа өндіріс орындарының артуына байланыс-ты электр энергиясына деген тап-шылық орын алуы мүмкін екен.
Бұл шындығында да ойласып шешетін мәселе болғаны рас. Ре-ферендум өткізудегі басты мақсат та сол. Айталық, ауданымызда жыл сайын өндіріс орындары, кәсіпкер-лік нысандар салынуда. 500 адам жұмыс жасайтын «Казкрахмал» заводы, мектептер, үйлер салынып, қаланың аумағы кеңеюде. Теңіз жағалауынан да бірнеше туризм демалыс орындары ашылмақ. Де-мек, оларға кең көлемде электр энергиясы қажет болатыны сөзсіз.
Ал, атом электр станциясы бас-қа өңірге салынып, пайдаланылуға берілсе, ол кезде ол өңірдің тұты-нып отырған электр энергиясы біз-дің өңірімізге берілер еді де, біздің жаңа өндіріс орындарымыздың электр энергиясына деген тәуелді-лігі шешімін тапқан болар ма еді?
Тағы бір мәселе, бізде ағын су-ға, электр энергиясы бойынша көрші Өзбекстанға тәуелділік бар. Жазда ағын суды Шардараға жі-бергенде өндірілген электр энер-гиясын қымбат нарықта алуға мәж-бүрміз. Ал, ағын суды жібермесе электр энергиясы өндірілмейтіні, бізге берілмей қалатыны тағы бар. Сондықтан болашақта электр энер-гиясына тәуелділік болмауы үшін энергия көздерін ашу бүгінгі күн-нің басты талабы.
Сарапшылар заманауи АЭС-тар апаттар қаупін барынша азайтатын белсенді және бейтарап элемент-терін қамтитын көп деңгейлі қау-іпсіздік жүйесімен жабдықталға-нын, жобалау, салу және пайдалану МАГАТЭ әзірлеген қатаң халық-аралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатындығын, жұмыс істеу мерзімінің жүздеген жылдарға баратынын айтуда. Де-генмен «Сақ болсаң – сақталасың» дегенді де естен шығармауымыз қажет. Адамдар Чернобль атом электр станциясының келтірген зардабын әлі ұмыта қойған жоқ.
Сондықтан да алдағы ре-ферендумда әрқайсымыз өз таңдауымызды жасап, дауыс берейік. Үнсіз қалу азаматты-ғымызға лайық емес деп біле-мін.

Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda