Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында автокөлікпен жол жүру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатылып, елдімекендерде жылдамдықты төмендету белгілері қойылуда, сондай-ақ бейнебақылау камералары көбейіп келеді. Дегенмен көлік жүргізушілерінің салғырттығы салдарынан жол-көлік оқиғаларының жиі орын алып жатқанын көріп жүрміз. Осыған орай, ауданымыздағы жол-көлік оқиғаларының жай-күйі мен олардың себептері жайлы білу мақсатында Шардара аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Тағабай Бақдәулет Нұрлыбекұлымен сұхбаттасқан едік.
– Сәлеметсіз бе, Бақдәулет Нұрлыбекұлы! Ауданымызда жол-көлік оқиғаларының жағдайы қандай? Оның негізгі себептері қандай деп ойлайсыз?
–Сәлеметсіз! Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – көлік жүргізушілерінің жол ережелеріне салғырт қарауы, жылдамдықты шамадан тыс арттыруы. Сонымен қатар, тұрғындардың малдарын қараусыз жіберуі де үлкен қауіп төндіреді. 2024 жылы ауданымызда адам өліміне және дене жарақаттарына әкелген 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 9 адам қаза тауып, 91 азамат түрлі деңгейде жарақат алды. Оқиғалардың 32-сі елдімекендерде, 29-ы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орын алған. Жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарда апта сайын профилактикалық және рейдтік шаралар өткізіп тұрамыз.
Рейдтік шаралар барысында автокөлікті мас күйде басқарған 39 жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша шара қолданылып, олардың көліктері айыптұраққа қойылды. Жол жүру ережелерін бұзған 3576 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Өткен жылы 103 автокөлік пен 35 мотоцикл айыптұраққа қойылды.
– Жол жүру ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістерде мопед жүргізушілеріне талап күшейтілгені рас па?
– Иә, жыл сайын көлік саны артып, соның салдарынан жол-көлік оқиғалары да көбейіп келеді. Бұған көлік жүргізушілерімен қатар мопед тізгіндеген азаматтардың да үлесі бар. Олар көшеде ретсіз қозғалып, көліктерге жол бермей, қауіпті жағдайлар тудырады. Өткен жылы 17 жасөспірім мопед айдағаны үшін ата-аналарына 125 528 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондықтан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жол жүру ережелеріне толықтырулар мен жаңа талаптар енгізілді. Соған сәйкес, 5 сәуірден бастап қозғалтқыш көлемі 0,5-тен төмен мопедтер мен механикалық көлік құралдарын жүргізу үшін жүргізушілер арнайы тіркеуден өтіп, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы қажет. Сондай-ақ, мопед иесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыруы міндетті.
–Мопедті қалай тіркеуге болады? Қандай құжаттар қажет?
– Мопедті тіркеу үшін төмендегі құжаттар керек:
Жеке куәлік (электрондық нұсқасы да жарамды);
Мопедтің техникалық құжаты немесе оның сипаттамасы бар құжаттар;
Өтініш толтыру;
Мопедті тексеруден өткізу;
Мемлекеттік баж салығын төлеу.
Қазіргі таңда мопедтерді тіркеу Түркістан облысының Сарыағаш және Сайрам аудандарындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуде. Сонымен қатар, мопед жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын сақтау үшін басына және тізесіне арнайы қорғаныш киімдерін кию міндеттеледі.
– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында тағы қандай шаралар жүргізілуде?
– Апатты жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілердің көліктерінің техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуі аса маңызды. Атап айтқанда, дөңгелектердің дұрыс болуы, алдыңғы әйнектің бүтін болуы және алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының болуы қажет.
Ауылдық жерлерде тұрғындарға малдарын бақылаусыз жібермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түнгі уақытта малдардың көрінуі үшін жарық шағылыстыратын белгілер тағу ұсынылды. Сонымен қатар, бос жүрген малдың иесін анықтау мақсатында ауыл әкімдері арқылы ветеринарлар малдарды сырғалап, есепке алу жұмыстарын жүргізді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жерлерге жол белгілерін орнату жұмыстары да қолға алынуда.
– Бақдәулет Нұрлыбекұлы, уақыт бөліп, маңызды ақпаратпен бөліскеніңіз үшін көп рақмет! Жұмысыңызға табыс тілейміз.
Сұхбаттасқан:
Жанабай СЕЙДУӘЛИЕВ