1990 жылдың желтоқсан айының 14 күні Бас Ассамблеясы 1қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Бұл мереке жиырмасыншы ғасырда пайда болып, алғашында Еуропада, кейіннен Америкада тойланған. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудің басты мақсат – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік – тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
Осы мерекеге орай аудандық мәдениет сарайында «Қариялар – асыл қазынамыз» атты ауқымды шара өтіп, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйледі.
– Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесімен аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың және аудан халқы атынан шын жүректен құттықтаймын! Қазыналы қарттарды ардақтау, оларға құрмет көрсету біз үшін қалыптасқан заңдылық десе де болады. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдары ішінде биік белестерді бағындырып, елімізді тұғырландыру бағытында сіздердің атқарған еңбектеріңіз ерен. Халқымызда «Қарты бар ел – қазынасы бар ел» деген сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз. Ардагерлеріміздің қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз, – деген Бауыржан Қуанышбайұлы елімізде ардагерлерге жасалынып жатқан қамқорлықтар жөнінде атап өтіп, жастық жалынып туған жерді түлетуге арнап, Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне, көркейіп гүлденуіне елеулі үлес қосып, жастарға ақылшы болып жүрген бір топ ардагерлерге аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хаттарын табыстады.
Келесі кезекте ардагерлерді мерекесімен құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков аудан ардагерлерінің атқарып жатқан игі істерін атап өтіп, аудан әкімі тарапынан ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлықтар жөнінде де айтты. Оның бірі ретінде ардагерлердің Астанаға екі күндік сапарын ұйымдастырып, тамаша көңіл күй сыйлағаны үшін аудан басшысына деген ардагерлердің ризашылығын жеткізді. Сол сияқты ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Жалпы алғанда бұл іс-шарада 100 ардагер Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хаты мен естелік сыйлығына ие болды.
Мерекелік шарада Әділғазы Ибрагимов пен Нұржан Жығалиев «Жан ана», «Ақ әжелер» ансамблі «Құрбыс-ау», «Қазақ әндерінен папури», Фарида Тоқсанбайқызы «Перзент парызы», Зәуреш Мәуленова мен Нұржан Жығалиев «Қоштасудың қиыны-ай», Қанат Дауылбаев «Ауыл қарттары», Айдар Әлмұрат «Қайран дүние», Мерей фолклорлық ансамблі «Ауылды аңсау» әндерін орындап, ардагерлерге тарту етті.
Сол сияқты аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев түстен кейін бірқатар қариялардың үйлеріне барып мерекемен құттықтап, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хаты мен мерекелік сыйлығын табыс етті.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ