ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 1200 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Әлеумет
Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жасаған сапары барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орындық білім ошағын аралап, құрылыс сапасын қадағалады.
Ауданда пилоттық жоба аясында 2 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі таңда 1200 орындық мектептің құрылысы толық аяқталған. Мұнда 150 жұмыс орны ашылмақ. Заманауи үлгідегі қос білім нысаны ин-женерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Жалпы алаңы 4,2 гектарды құрайтын мектептің құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырмасымен жүргізілген. Аталған білім ошағы кітапхана, спортзалы, компьютер сыныбы және акт залымен толықтырылып, балалардың жан-жақты дамуы үшін заманауи құралдармен жабдықталған.
Облыс әкімі мектеп ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесіп, пікір алмасты. Ұсыныстарын тыңдап, өңірдің негізгі даму бағыттары туралы айтты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында заман талабына сай 29 бірыңғай «Жайлы мектеп» бой көтеріп, кезең-кезеңімен ел игілігіне пайдалануға беріліп келеді. Жалпы, өңірде білім сапасын нығайту мақсатында түрлі маңызды жобалар қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Өңірді электр қуатымен қамту мәселесі өзекті саналады. Облыстағы энергия өндіруші кәсіпорындардың бірі – «Шардара су электр станциясы». Мұнда электр қуаты өндіріледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамына барып, өндіріс барысымен та-нысты. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
1967 жылы пайдалануға берілген гидроэлектр станциясында әрқайсысы 31,5 мВт электр қуатын өндіретін 4 агрегатты генератор іске қосылған, мұнда 126 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында өндірілетін электр энергиясы ішкі сұранысқа бағытталған. Өндірістік аумағы 2 гектарды құрайтын станцияның негізгі қызметі – ҚР оңтүстік аумағын электр энергиясымен қамти отырып, су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын оңтайлан-дыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda