Қазан айы бойы республикамызда дәстүрлі түрде қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы өтті. Ардагерлер құрылымдарының бастамасымен әр облыста «күміс» жастағы адамдарға арналған ондаған іс-шаралар өтті. Ардагерлер ұйымдары ең беделді және бұқаралық қоғамдық ұйымдар болып саналады. Олар еңбек жолы мен белсенді өмірлік ұстанымы таң қалдыратын лайықты адамдарды біріктіреді.
Айта кету керек, осы жылдың айлығы кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда өткізілген қоғамдық іс-шаралар саны айтарлықтай өсті.
Атап айтқанда, 4 975-ке. Мәселен, Алматы облысында (2023 жылы – 948, 2024 жылы – 1516), Батыс Қазақстан облысында (2023 жылы – 883, 2024 жылы – 3478), Қызылорда облысында (2023 жылы – 337, 2024 жылы – 588), Түркістан облысында (2023 жылы – 1013, 2024 жылы – 1420), Жетісуда (2023 жылы – 111, 2024 жылы – 717), Ұлытауда (2023 жылы – 188, 2024 жылы – 801), Шымкент қаласында (2023 жылы – 125, 2024 жылы – 329).
Осы айлықта Алматы қаласының бір ғана Жетісу ауданында 174 іс-шара өткізілді. Аталған өңірлерде конференциялар, «дөңгелек үстелдер» отырыстары, қайырымдылық сенбіліктер, медициналық мекемелерде «Ашық есік» күндері, көптеген спорттық, концерттік бағдарламалар және басқа да акциялар өтті.
Дәстүр бойынша Ақмола облысының ардагерлерінің қатысуымен өткен концерттер мен кештер ерекше жарқын және есте қаларлық болды (биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 21 шараға көп өткізілді). Елімізде биылғы айлықта мыңнан астам концерт қойылды. Елордада жарты ғасырдан астам бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар салтанатты түрде құрметке ие болды. Қонақтардың арасында тыл еңбеккерлері, тың игерушілер, құрметті темір-жолшылар, әуежай қызметкерлері мен педагогтар болды. Қостанай қаласының ардагерлер кеңесі белсенді ұзақ өмір сүруді насихаттау, қарт адамдарға оң және құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында алғаш рет жүлде қорымен үздік зейнеткерге конкурс өткізді. Атырау қаласында ардагерлер арасында волейбол мен шахматтан облыстық жарыстар өтті.
Риддер қаласының оқу орындарында ардагерлер шақырылған «Бұл күн – даналық күні» атты сынып сағаттары мен кездесулер өтті. Оқушылармен адамгершілік және патриоттық тақырыптарға сенімді әңгімелер, балалар мен олардың ата-аналарының көркемөнерпаздар концерттері қарттарды қуантты.
Биылғы айлықты өткізу күндері республикада бұрынғыдан екі есе көп әлеуметтік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Айлық барысында өткен жылмен салыстырғанда коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді жөндеуге қолдау алған зейнеткерлер саны, атап айтқанда 6 есеге жуық өсті. Соның ішінде су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлерінің, мәселен, Атырау облысында (2023 жылы – 41, 2024 жылы – 245), Батыс Қазақстан облысында (2023 жылы – 23, 2024 жылы – 2300), Жетісуда (2023 жылы – 18, 2024 жылы – 71) жөнделген тұрғын үй көлемін ұлғайту және т.б.
Атап айтсақ, биылғы жылы зейнеткерлерді тегін дәрі-дәрмекпен және санаторий-курорттық емдеу бойынша көрсеткіштері өткен жылдарға қарағанда жоғары. Мысалы, санаторий-курорттық мекемелерде 23 112 ардагер сауықтырудан өтті, яғни 3 608 адамға (немесе 18%-ға) артық. Бұл көрсеткіштер Түркістан, Абай облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында жоғары.
Қолдауға мұқтаж халыққа, ең алдымен ардагерлерге, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге біржолғы ақшалай төлем түріндегі қаржылық көмек мәселелеріне ерекше назар аударылды. Биыл оны 160 мыңға жуық адам алды.
Ел өңірлерінде еріктілер қозғалысының жандануы байқалады, осыған байланысты еріктілердің қатысуымен зейнеткерлерге 3 мыңға артық көмек көрсету мүмкіндігі берілді. Абай, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында волонтерлер қатары толықтырылды.
Айлық барысында барлығы 740 269 зейнеткерлерге жалпы сомасы 5 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді, бұл өткен жылғы шығындардан едәуір асып түсті.
Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында осы мақсаттарға қаражат тарту бойынша ең жоғары көрсеткіштер байқалды.
Айлықтың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар қазақстандық қоғамның аға буын тағдырына құрметпен қарауы мен қамқорлықпен қатысуының оң үрдісін сақтауға мүмкіндік берді деп айтуға болады.
Орталық Ардагерлер кеңесінің аппараты
Төраға Ж.МӘУЛЕНҚҰЛОВ
Орындаған:Б.Тәжібаева
Тел:87028227863
Эл.пошта: sovet_veteranov_tur@mail.ru