Шардара қаласынан екі қа-батты жаңа «Nyshankul tekstil» мата-кешектер мен қазақы нақыштағы көрпе-төсектер сататын заманауи дүкен ашылды.
Кәсіптік нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров, аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүтәлиев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков және ақсақалдар мен ел ағалары қатысты.
Қонақтар құттықтау сөздерін айтып, ашылу лентасын қиды.
–Құрметті Нышанкүл Асылбекқызы, аудан орталығынан «Nyshankul tekstil» сауда орталығын ашып, қаламыздың дамуына үлес қосқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ауданда кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытып, ауданымыздың көркейіп-гүлденуі үшін аянбай еңбек ете беретіндігіңізге сенімдімін.
Сіздің деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке тілеймін!–деген Н.Сапаров, кәсіпкерге аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан «Алғыс хат» тапсырды.
Айта кетсек, жыл сайын ауданда шағын, орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. Атап айтқанда, шағын кәсіп - 413, орта кәсіп-1, дара кәсіпкерлер -4234, шаруа қожа-лық- 5959.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында сауда айналымын толықтыруға 18 кәсіпкер сүйемелденіп, 3 кәсіпкерлік мақұл-данды.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі