ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті

Әлеумет
Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен та-нысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ар-найы тапсырмасымен салынған ке-шенде «Қоғамдық келісім» мекеме-сі, облыстық Қазақстан халқы ас-самблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 эт-номәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан.
Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қау-ыммен және Қазақстан халқы ас-самблеясының мүшелерімен жүз-десті.
– Қастерлі Түркістан жеріне ар-найы келіп отырмын. Түркістан өңірінің келешегі жарқын деп ой-лаймын. Жастарымызға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардагерлерге алғыс айтқым келеді. Ең алдымен, жастар-ға қолдау білдіруіміз керек. Біз бә-ріміз бірігіп, ел үшін еңбек етуіміз қажет. Сырттан келетін тәуекелдер аз емес. Ахуалды жақсы білесіздер. Түркістан облысында 50 ұлт өкілі тұрады. Ауызбіршілікті сақтау және елімізді дамыту жолындағы ерен еңбектеріңізге ризашылық білдіре-мін. Қазақстанда ешқашан ешқан-дай фобия болған емес, болмайды да. Біз – бірлігі мығым, толерантты, ұстамды әрі еңбекқор халықпыз. Ең бастысы – осы. Сондықтан ынты-мағы жарасқан қоғамның іргесін әлі де бекіте түсеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Түркістан-ның көрікті, таза қалаға айналға-нына назар аударды. Бұл ретте Түркістанға облыс мәртебесін бер-ген еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті.
Кездесуде Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов Түркістанның облысқа айналған сәтінен бері орын алған оң өзгеріс-терге тоқталып, халық саны тығыз орналасқан өңірге мемлекет тара-пынан жасалып жатқан қамқорлық үшін алғыс айтты.
АҚ ОРДА ресми сайты
Made on
Tilda