Қадірлі жерлестер!
Өздеріңізге белгілі, біздер ма-мыр айында еліміз үшін маңызы зор қос мерекені атап өтеміз. Он-ың біріншісі – Отан қорғаушылар күні болса, екіншісі – Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл айтулы даталар әр-бір қазақстандық үшін қымбат әрі қастерлі саналады.
Еліміз Тәуелсіздік алған соң бір жылдан кейін, яғни, 1992 жыл-дың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күш-тері құрылған еді. Бұл датаға биыл 33 жыл толып отыр. Осы кезеңдер ішінде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекет-тілігіміздің мызғымас қорғанына айналды. Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшей-тіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Туған Отанын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы әрі мәртебелі міндеті. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жері-міздің тұтастығын сақтау үшін Отан қорғау қызметінде еңбек етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарымызға деген құрметіміз әрқашанда жоғары болып қала бермек. Ұланғайыр даламызды ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен қорғап келген батыр бабаларымыздың жолын лайықты жалғастырып келе жатқан бүгінгі қаһарман ұрпақтарымызбен мақтанамыз және оларды ұдайы түрде көтермелеп, дәріптейміз. Елін сүйетін ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында көк байрағымыз биікте жел-бірей бермек.
Ұлы Отан соғысында біздің жерлестеріміз де ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Шардара ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың саны 813-ке жетіп отыр. Биылғы жылы аудандық әскери комиссариаттың іздестіруімен 16 шардаралық майдангердің есімдері анық-талып, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Даңқ» мемориалына олардың аттары қашалып жазылды.
Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек соғыста шайқасқан ба-тырларымызды ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әже-лерімізді де еске алатын күн. Майдан даласындағы сарбаз-дарды оқ-дәрімен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтуда тыл еңбеккерлерінің еңбегі орасан болды. Олар уақытпен санаспай еңбек етті және өздерінің жанқиярлық бейнетін туған Отанына арнады. Әлі бұғанасы бекіп үлгермеген қаршадай балалар үлкендермен бірдей қара жұмыс атқар-ды, уақытпен санаспай мерзімінен бұрын есейді. Бүгінде жастары жүзге таяп қалған ақсақалдарымыз бен әжелері-міздің барлығы да соғыс кезінде соқамен жер жыртып, егін еккен, мал баққан, шахтада кен қазған азаматтар. Біздің аудандық ардагерлер Кеңесі аудан әкімімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-мен, аудандық мұражаймен, аудандық орталық аурухана-мен бірлесе отырып, ардагерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау іс-шараларын түзіп, сол жоспар аясында жұмыс жасап келеді.
Биылғы мерекеге ауданымыз бойынша 15 тыл ардагері мен 4 Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің зайыбы аман-есен жетіп отыр. Сонымен қатар Жеңіс күнін жақындатқан тыл ардагерлеріне деген қамқорлықтар жоспарлы түрде жал-ғасын таба беретін болады.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай аудандық ардагерлер Кеңесі көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Сәу-ір айының басында өткен Шардара ауданының құрылға-нына 60 жыл толған мерейтойда еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. Жеңіс мерекесіне арналған зейнет-керлер арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздерға сый-сияпаттар берілді. Сондай-ақ, арда-герлер қауымы «Таза Қазақстан» акциясына да белсенді түрде атсалысып, туған өлкемізді көркейтіп-көгалданды-руға біркісідей атсалысып келеді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл өткенге тағзым етіп, болашақ үшін бейбітшілікті сақтау қажеттігін түсінетін маңызды дата. Ардагерлердің ерлігі, тарихтың сабағы және ұлттық бірлік – осы мерекенің басты мәні болып қала береді.
Тоқсанбай БЕРДІБЕКОВ –
Түркістан облысының Құрметті азаматы,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы