«Дені саудың – жаны сау» дейді халқымыз. Ал денсаулықтың кепілі тазалық пен спорт екендігін бәріміз де білеміз. Аудандық «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында спортты өздеріне серік етіп, қазірге дейін одан қол үзбей келе жатқан ардагерлеріміз көптеп саналады. Олар бір мезгіл бос уақыттарын осында өткізіп, бильярд, шахмат, теннис ойнап, әңгіме дүкен құрып, бой сергітіп қайтады.
Айталық, Байдүлла Талипов, Тойбек Утеев, Оразбай Қойбағаров бильярдтан, Есенгелді Сариев, Изатулла Құрманбай, Беркінбай Орақбаев шахматтан, Базаркүл Жолдыбаева, Сәуле Көмекбаева, Күлзинаш Сейдалиева теннистен, ал Гаджиев Ахмедиев, Әлімхан Сламидин, Сәрсенбай Ирсалиев нардыдан үнемі өз шеберліктерін шыңдап отырады. Араларында облыстық деңгейде ардагерлер арасындағы жарыстарға қатысып, жүлде алғандары да бар.
Олардың жолын жастарға үлгі ету мақсатында ардагерлеріміз бен жастардың кездесу ойындарын да мерекелік шара ретінде өткізіп тұрамыз. Бұл дәстүр алдағы кезде де жалғасын таба бермек.
Сонымен қатар бұл ардагерлеріміз орталықта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып, ән салып, би билеп, түрлі тәрбиелі көріністер көрсетіп, жастарға үлгі болуда. Ардагерлеріміз қашанда барлық шараларда алғы сапта жүреді.
Нұрбол СЕЙДУӘЛИЕВ —
«Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбек, денешынықтыру инструкторы