«Ардагерлер үйінде» өткен аудандық ардагерлер кеңесінің VI Пленумындағы басқосуы – қоғамның рухани жаңғыруы мен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталды.
Пленумға аудандық ардагерлер кеңесінің Пленум мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, Қаратүнов Еркебұлан, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрахов Ержан, еңбек ардагерлері, аудандық «Әжелер алқасының» мүшелері, мекеме басшылары қатысты.
Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков барлық қатысушыларды ілтипатпен қарсы алып, аудандық Ардагерлер кеңесінің VI Пленумын ашып, жүргізіп отырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және тәуелсіздікті нығайту» атты сұхбатына терең тоқталды. Бұл сұхбат тек саяси бағдарлама ғана емес, ел мен қоғам арасындағы үйлесімділікті айқындайтын, мемлекетіміздің жарқын болашағына деген нақты бағытты көрсететін құжат екенін тілге тиек етті.
– Бүгінгі қоғамда «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасының» рөлі, шынында да, өте маңызды. Ұлттық тәрбие – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен рухани байлықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің бірден-бір жолы. Әке мен ана, ата мен әженің жастарға бағыт-бағдар көрсететін қасиеттері – бұл рухани құндылықтардың қайнар көзі. Әсіресе, әжелердің бала тәрбиесіндегі рөлі айрықша. Әжелер – ұрпақтың бастауыш ұстазы, олар өмір бойы жинақтаған даналық пен тәжірибесін балаға жеткізіп, болашаққа бағдар беретін жандар. Әжелердің әрбір сөзі мен кеңесі балаға өмірлік сабақ болып қалады. Өзінің даналықпен оралған тәрбиелік күшін дәстүрлі қазақ қоғамында әжелер біртұтас тәрбие жүйесінде ерліктің, мейірімділіктің, сабырлық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп келеді, - деді Тоқсанбай Бердібеков.
Пленумда Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рахматтуллаев Байдулла өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, биылғы жылы одан да ауқымды шаруалар күтіп тұрғанын айта келіп, ардагерлерді төрт көзіміз түгел, басымыз аман, бауырымыз бүтін болып, 2025 жылы да бірге жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, пленум барысында аудан әкімінің орынбасарлары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы мен Қаратүнов Еркебұлан да сөз сөйлеп, ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау сөзсіз маңызды екенін атап өтті. Олар өз сөздерінде ардагерлердің қоғам алдындағы еңбегін жоғары бағалап, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы өзінің сөзінде ар-дагерлердің тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы рөлін ерекше атап, олардың үлесіне қатысты талқыланатын мәселелердің барлығын тиісті деңгейде шешуге дайын екендіктерін жеткізді.
Осы орайда, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрахов Ержан да ардагерлердің қоғамдағы мәртебесі мен ардагерлер ұйымының маңызды жұмысын атап өтіп, болашақта осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Пленумда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – ұлттық тәрбие мәселесімен қоғамдағы тәртіп пен моральдық жауапкершіліктің отбасынан, әсіресе, ата-әжеден басталатыны жөнінде айтылған пікірлер ерекше назар аударды. Себебі, қазақ қоғамында ұлттық тәрбиенің негізі әке мен шешеден бастау алып, ата мен әже арқылы, бала өз өміріне жолдама алады.
Одан кейін Ақбала шағын-ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мархабай Мұсахан, «Әжелер алқасының» мүшесі Айдарова Жаңылай апайлар сөзге шығып, биылғы жұмыстарға белсене қатысатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Тұрғынбаев Аббаз ардагерлерді орталыққа шақырып, арнайы іс-шараларға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шардара аудандық орталық аурухана басшысының емдеу ісі бойынша орынбасары Молдаханов Нұрғали Сламидинұлы аурухана тара-пынан ардагерлерге әрдайым телефон шалса дәрігерлік кеңес берілетіндігін айтып өтті.
Қорытындылай келе, VI Пленум барысында талқыланған ұлттық тәрбие мәселесі қазақ қоғамының рухани бола-шағы үшін аса маңызды екені анықталды. «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» сынды бастамалар ұлттық құндылық-тарды жаңғыртып, жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқа-рады. Ата мен әженің тәрбиелік рөлі ұрпақтың бойына өмірлік қағидаларды, мейірімділік пен жауапкершілікті, отансүйгіштік пен адамгершілікті сіңіруге ықпал етеді. Бұл бастамалар қазақтың ұлттық болмысын сақтап, қоғамның рухани байлығын арттыруда зор мәнге ие.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналардың, әсіресе әкелер мен әжелердің рөлі тек отбасында ғана емес, бүкіл қоғамда маңызды орын алады. Олардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі ұрпақ үшін жол көрсетуші шамшырақ секілді. Сондықтан да ұлттық тәрбиені нығайту, жастарды ұлттың рухани құндылықтарына баулу – бұл тек бүгінгі күннің мәселесі емес, ол жастарымыздың кемелді болашаққа қадам басуына жасаған алғашқы қадамы болып табылады.
А. СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ