Сол себепті АЭС салу – ең алдымен энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ететіндігін, әлем бойынша біздің еліміз уран өндіруден екінші орында, бұл дегеніміз ядролық отынның компоненттерін өндіруге өзіміз де қауқарлы екенімізді тілге тиек етті. Сонымен қатар, әлемнің 31 елінде 400-ден астам атом реакторы жұмыс істеп тұрғанын, олардың көпшілігі АҚШ, Қытай, Франция елдерінде орналасқанын, қазіргі таңда 15 елде 62 жаңа реактор салынып жатқандығынан хабардар етіп, жастарды референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Түркістан облысы мәслихатының депутаты Бахытжан Қыпшақбайүлы Атом электр станциясының артықшылық-тарына тоқталды. Атам электр станциясының салынуы 10000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін, электр энергиясының бағасы қолжетімді болатынын, қоршаған ортаға зиянсыз екенін айта келіп, АЭС салудан да қорқудың қажетсіз екендігіне тоқталды.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, Референдум өткізу жөніндегі штабтың мүшесі Мұсабеков Мейіржан мен орталықтың әдіскері Құдайбергенова Салтанат АЭС туралы толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осындай кездесулер А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектепте, М.Қалмырза атындағы маман-дандырылған №3 мектеп интернатында, «Шардара Армспорт» клубында да жалғасын тауып, осы кездесулерге Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса да қатысып, халыққа референдумның маңыздылығын түсіндірді.
А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ