ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көктемгі жұмыстар бейқамдықты күтпейді

Әлеумет
Ұзын ата ауылдық округінің Мәдениет үйінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес ауданда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында биылғы жылға көктемгі дала жұмыстарына және басқа да агроөнеркәсіптік кешен саласына бөлінген несиелік қаражаттың берілу шарттары мен тәртібін түсіндіру мақсатында аудан диқандарының жиыны өтті. Оған Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нәмет Нұрбол Маратұлы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС-ның басқарма төрағасы Шырақбаев Аиса Қанатұлы, «Ырыс» шағын несие ұйымы ЖШС-ның директоры Мыңбаев Мұхит Мамытұлы, сонымен қатар ауылдық округтер әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауыл әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Мұхит Мамытұлы тауар өндірушілерге берілетін несиелік қаржының көлемі мен алу тәртібі, оны қайтару туралы ережелер- мен таныстырса, Нұрбол Маратұлы егін шаруашылығында көктемгі дала жұ-мыстарының дер кезінде атқарылуы күзде мол өнім алуға негіз болатындығын атап өтті. Сондықтан дай-ындық жұмыстарын осы кезден бастап, көктемнің әр тиімді сәтін пайдалана біліп, егіс жұмыстарын ерте аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттен қажетті қолдаулар жасала беретіндігін айтқан бөлім басшысы қажетті қаржы мен жеңілдетілген жанар-жағармайды қалай алу керектігін де түсіндірді. Сонымен қатар қонақтар тауар өндірушілердің сұрақтарына жауап берді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдіріп, тауар өндірушілерге көктемгі жұмыстарында сәттіліктер тіледі.

Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda