87 жасқа қарай беттеп бара жатса да тіптік қалпынан айнымай жүретін Әмзе Мүсәлиев ағамыздың мығым болмысына сүйсінеміз. Салауатты өмір салтын нық ұстанып, күніне бір шақырымдай жаяу жүруді бұлжымас әдетіне айналдырған еңбекқор қарияның құлағы сәл мүкіс тартқаны болмаса, көкірек сарайы сайрап тұр. Бұдан біраз жыл бұрын он мың қадамға дейін жаяу жүріп, барлық ауруынан құлан таза айыққан Әмзе аға дәрі-дәрмекке жоламайды. Дене қимылын үзбей жасап, дәрумені мол тағамдарды талғап тұтынады. Қолындағы ұялы телефонынан ғаламторды ақтарып жіберіп, дәрісіз емделудің қыр-сырын өзгелерге де үйретіп, насихаттап жүргені. Биыл Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Әмзе Оспанұлы Қызылқұм массивін игеруге қатысқан азаматтардың қажырлы еңбектерін айту үшін бізге жолыққан болатын. Сонау Арнасай бөгетінен бастап, бірнеше кеңшардың құрылысына белсене қатысқан еңбек ардагері алақанының табы қалған әрбір нысандардың тарихы мен адам аттарын кәдімгі дәптердің парақтарына тәптіштеп жазып отырыпты. Өз ісіне өте ұқыпты қарайтын ағамыздың айтуынша бүгінгі өскелең ұрпақ өткен күндердегі ұлы істерді ұмытпауы тиіс.
Әмзе Мүсәлиевтің шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған жері Шардара қаласындағы бұрынғы әуежай маңы болған екен. Ол маңай Жанама деп аталған. Әке-шешеден 3 қыз, 2 ұл өмірге келгенімен Әмзе ағамыздан басқалары жастай шетінеп кетіп, жалғыз өзі ержетеді. Әйгілі Киров каналы қазылған соң бұлардың отбасы Мақтаарал жаққа қоныс аударып кетеді. Әкесі Оспан Мүсәлиев соғыс кезінде Челябі өңірінде тылда қызмет атқарған екен. Әмзе Оспанұлы көрші аудандағы Ленин мектебінде оқып, мектептен соң колхозда бір жылдай жұмысшы болып еңбек етеді. Осы жылдары Шардара жерінде тың игеру жұмыстары басталып, оған Одақтың түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастаған еді. Атағы дүркіреп тұрған құрылыс майданына баруға жас бозбаланың да аңсары ауып, өз құралпы екі жігітті ертіп алып Шардараға тартып кетеді. Бұл кез 1960 жылдың қазан айы болатын.
– Үш жігіт болып жұмыс іздеп барған біздер өтініш жазып, «Шардара құрылыс» басқармасының тұңғыш бастығы Әшім Қасымовтың қабылдауына кірдік. Бізді өте жылышыраймен қарсы алған басқарма бастығы бірден жұмысқа қабылдап, арызымызға қол қойып берді. «Сендерді жаңадан салынайын деп жатқан Арнасай бөгетінің құрылысына жіберемін. Ұланғайыр аумақта Қызылқұм массивін игеру жұмыстары жүргізіліп, болашақта үлкен аудан ашылады. Өздеріңдей жалынды жастар бізге ауадай қажет. Ауылдарыңда жұмыс істегісі келетін азаматтар болса оларды да шақырыңдар» – деп бізге дем бере сөйлеп, шығарып салды, – деп еске алады Әмзе ағамыз.
Өрімдей жастардан жасақталған жұмысшылар бригадасы Арнасай плотинасының қазығын қаққаннан бастап-ақ жұмыс көрігі де қызып сала береді. Қазаншұңқыр қазылып, қашыртқы құбырлары қойылды. Астына тас пен құм төселіп, басқа жақтан тұзы жоқ топырақтар тасылып жатты. Неше түрлі техникалардың гүрілдеген дауыстарынан құлақ тұнатын. Өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындайтын Әмзе Мүсәлиев көп өтпей бригадир болып бекітілді. Басқарма басшысы Ә.Қасымовтың жұмысшы қолы қажет деген тапсырмасына сәйкес ауылынан көптеген жастарды тікелей өзі барып үгіттеп, құрылыс жұмысына әкеліп отырды. Тіпті Мақтаарал аумағынан келетін жұмысшылар үшін арнайы автобус бөлініп, таңертең алып келіп, кешке апарып тастайтын. Плотина жанындағы Арнасай поселекесіне бірнеше тұрғын үйлер түсіп, асхана, клуб нысандары салынды.
Құрылыс саласына ынта-ықыласымен ден қойған талапты жігіт үлкен жұмыстарды игеру үшін жоғары білім керек екенін ұғынады. Осыған бекінген Әбекең 1962 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтына оқуға түсіп, құрылысшы-инженер мамандығын иеленіп шығады.
– КСРО мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен «Қызылқұмсовхозстрой» тресі құрылған еді. Трестің негізгі міндетіне тұрғын үй, өндірістік және мәдени-тұрмыстық нысандардың құрылысын жүргізу кірді. Алып трестің қарамағына №1, №9, №11, №20, №22, №37, №43, №68 жылжымалы механикаландарылған колонналар (ЖМК) қарады. Осы мекемелер аудан көлеміндегі барлық құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысты. Дәл осы жылы бұрынғы «Восход» кеңшары ашылды (қазіргі Қоссейіт ауылы). Бұл Қызылқұм массивін игерудегі ең алғашқы ашылған күріш өсіру шаруашылығы еді. Жаңа кеңшардың нысандарын салумен №11 ЖМК ұжымы айналысты. Мен жоғары оқу орнының дипломын иеленіп келгеннен соң «Қызылқұмсовхозстрой» тресінің бастығы Сергей Кунавиннің бұйрығымен осы құрылыс мекемесіне шебер болып қызметке қабылдандым. Трестің бас инженері Н.Тростовский «Восход» кеңшарына өзінің көлігімен апарып тастады. Жолда келе жатып: «Алдағы уақытта 14 кеңшар құрылады, сендердей жас мамандар соны игермегенде кім игереді. Басқа жақтан келгендер түбі кетіп қалады, сендер осында қаласыңдар, болашақтарың тамаша болады әлі» деп жігер бере сөйлеп, көңілімді көтеріп қойды, – дейді Әмзе Оспанұлы.
Әліпбек Төребеков басқаратын №11 ЖМК-ның бас инженері Орынбек Жамантаев болса, учаске басшылары Қаусар Мұсаев, А.И.Дьяченко, Қыстау Әбілдаев сынды азаматтар болды. Кеңшардың орталығы мен бөлімшелерінің құрылысын бастапқыда көбіне көп өзге ұлт өкілдері жүргізді. Кейіннен жергілікті қазақ жастары да арнайы мамандық иеленіп келіп, жауапты қызметтерді атқара бастады. Әмзе ағаның айтуынша 1967-1968 жылдары №11 ЖМК-да Шадман Нұртаев, Сайпіл Халбеков, Тұрсынбек Нұрлыбаев, Әмірбек Ерубаев, Құттыбек Сарманов, Ақмұрат Әбубәкіров, Есенгелді Әділханов, Құттыбай Серманизов, Әбдірәсіл Райымқұлов, Зұлпар Масалиев сынды азаматтар бірі геодезист, бірі прораб, бірі механик болып жұмыс жасаған екен. Бестай есімді жігіт өндірістік-техникалық бөлімнің инженері болса, тағы да Жолбарыс, Маханбет атты жас мамандар да уақытпен санаспай жұмыс істеген. Кейіннен бұл азаматтардың барлығы да лауазымдары жоғарылап, түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 1967 жылы №11 ЖМК-да шебер болып қызметке қабылданған Әмзе Мүсәлиев біраз уақыттан соң учаске бастығы болып еңбек етті. «Восход» кеңшарынан кейін «Октябрьдің 50 жылдығы» кеңшарын салуға кіріседі. Бұл кезде №11 құрылыс мекемесі №37 ЖМК құрамына қосылып кетеді. Әбекең бас инженер қызметіне көтерілген. 1977 жылға дейін «Восход» пен «Октябрьдің 50 жылдығы» кеңшарларының құрылыстарын толығымен аяқтап, мемлекеттік комиссияға өткізіп, үлкен міндетті абыроймен бітіріп шығады. 1977 жылдың ақпан айында «Қызылқұмсовхозстрой» тресінде партия ұжымының кеңейтілген жиналысы өтеді. Мұнда Қызылқұм массивін игерудің екінші кезеңі басталатыны айтылып, мақта шаруашылығымен айналысатын кеңшарлардың құрылыстарын жүргізу жөнінде шешім шығады. Бұл жұмысты атқару №37 ЖМК ұжымына жүктеледі.
Трестің бастығы Өстемір Тілегенов: «Әбеке, сенің іс-тәжірибең жетеді, парторг Әзімхан Ыбыраев екеуің жаңа кеңшардың құрылысын бастайсыңдар. Партия ұйымы солай деп шешті» деген соң «мақұл» деп жолға шықтық. 100 шақырым алыстағы жаңадан бой көтеретін «Достық» кеңшарының егістік алқабы, орталықтағы үй түсетін орындардың барлығы да тегістеліп, дайындалып қойған екен. Біздің №37 ЖМК ұжымы сонда көшіп бардық. Құрылыс мекемесінің бастығы Әмірбек Ерубаев денсаулығы сыр беріп жүрген соң орнына Байман Әлімжанов бекітілді. Байман ағамыз Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер кісі. Ол да маған: «Менің жасым келіп қалған, осы аудан орталығында құжаттармен жұмыс жасай берейін. Сен сол жерде учаске бастығы болып, барлық жұмысты өзің алып бара бер, қарағым» деп өтініш айтқан соң оған да «мақұл» дедім. Төленді Биғараев бас инженер, Әзімхан Ыбыраев партия ұйымының хатшысы, осы кісілермен ми далаға барып жұмысты бастадық. Бірінші кезекте 18 тұрғын үйдің құрылысын жүргіздік. Көшеге электр бағаналарын орнатып, жарық бердік. Осы жылы 20 маусымда алғашқы үйлерге қоныстанып, мәре-сәре болып тойлағанымыз есімізде. Бұл үйлердің барлығына да жұмыс жасап жатқан құрылысшылар орналасты. Кеңшарға әлі тұрғындар көшіп келген жоқ еді. Осылайша «Достық» кеңшарының ең алғашқы тұрғындарының бірі болып жаңа үйге қоныстанып, ақырында сол баспанада түпкілікті мекендеп қалып кеттім, – дейді Әмзе аға.
Бұл жаңа шаруашылықтағы жұмыс та қарқын алып кетті. Құрылыс мекемесі күндіз-түні тұрғын үй, басқа да әлеуметтік нысандар тұрғызумен айналысып жатты. 1977 жылдың аяғында мақта кеңшары болып құрылған жаңа кеңшарға Сәрсенбай Нүрденов алғашқы директор болып тағайындалды. Ахмет Мырзахметов есімді жігіт комсомол жастар бригадирі болып қызметке келді. Жаңадан тағайындалған кеңшар директорының бұйрығымен №1 бөлімшеге Саламат Дінәсілов, №2 бөлімшеге Темірбай Дәрібаев, кеңшардың бас агрономы болып Құдайберген Әділханов, бас есепші қызметіне Айтбай Қарамырзаев, кассир қызметіне Тәжен Күзербаев, орталық қойма меңгерушілігіне Әдехан Мамыров есімді азаматтар тағайындалды. Жаңадан қызметке келген осы бес азамат та бәрі жаңа үйге көшкенше Әмзе ағаның төрт бөлмелі үйінде мекендеген екен. Жаңа шаруашылықтың құрылысына әскер қатарында жүрген сарбаздар да белсене қатысты. Екі ротаға бөлінген 200-ге жуық сарбаз вагондарда тұрып, үш жыл бойы құрылыс жұмыстарымен айналысқан.
Әмзе ағамыз еңбек еткен №37 ЖМК ұжымы сонымен бірге «Ақ алтын», «Қазақ ССР-інің 60 жылдығы», «Жиделі», «Аққала» кеңшарларының құрылыстарын да жүргізіп шығады. «Достық» кеңшарының құрылысы аяқталып, мемлекетке өткізген соң Әмзе Мүсәлиев директордың орынбасары болып бекітіледі. Содан 1996 жылы зейнет демалысына шыққанша орынбасарлық лауазымды атқарып, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөліміне жетекшілік жасады.
–Биыл ауданның 60 жылдығымен қатар «Восход» кеңшарының құрылғанына да 60 жыл толып отыр. Жаңа айтқанымдай сол кеңшардың құрылысын жүргізген №11, 37 ЖМК-ларда еңбек еткен құрылысшылардың аты өшпесе екен деймін. Олардың басым көпшілігі о дүниелік болып кетті. Сондықтан аттарын атап кеткенді жөн көріп отырмын. Бүгінгі жастар олардың аттарын біліп, тың игеру кезіндегі ұлы істерді ұмытпаулары тиіс деп ойлаймын, – дейді еңбек ардагері.
Әмзе Мүсәлиев ағамыз дәптер парағына жазып алған адамдардың аты-жөндерін көрсетті. Оны біз де құп алып, жарыққа шығарғанды жөн көрдік. Бетон құюшылар бригадирі Шүренбай Алпысбаев, монтаж жасаушылар бригадирі Жолжан Есенбаев, жұмысшылар Текебай Сүлешов, Серкебай Сүлешов, Дүйсен Ромашев, Шаудырбек Баймұханбетов, Өзбекбай Аманов, Ізбасар Алпысбаев, Көмекбай Раев, Бапан Жәнібеков, Айтуған Айтуреев, Сансызбай Беденов, Г.Ыдырысова, Р.Мұхамедиева, Жұмагүл Жұмағалиева, Талмекен Еламанова, Наразым Назаров, Әмірбай Ақмолдаев, Жапар Жарылқасынов, Күзербай Ақмолдаев, Мақсат Сейсенов, Тәрбие Мадиярова және тағы басқалар «Восход», «Октябрьдің 50 жылдығы», «Достық», «Ақ алтын», «Қазақ ССР-інің 60 жылдығы», «Жиделі», «Аққала» кеңшарларының құрылыстарына белсене қатысқан. №37 ЖМК мекемесін әр жылдары А.А. Сак (1968-1970 жж), В.Суровияткин (1970-1972 жж), В.П. Петрушко (1972-1974 жж), Е.Убашев (1974-1975 жж), Ә.Ерубаев (1975-1977жж), Б.Әлжанов (1975-1977 жж), Ш.Нұртаев (1977-1980 жж), А.Әбдешов (1980-1983 жж) басқарса, бас инженер қызметін Өтеғұл Түгелбаев (1972-1973 жж), Сатыбалды Сазанов (1973-1975 жж), Әмзе Мүсәлиев (1975-1977 жж) атқарып шығыпты.
–Айдала болып жатқан мекенге бірте-бірте адамдар көшіп келіп, тұрғын саны 3,5 мың адамға жетті. Сол адамдардың ішінде 20-ға жуығы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер болды. Ең соңғы соғыс ардагері Зәмедин Мүтәлиев есімді ақсақал еді, қайтыс болғанына біраз жыл болды. Мен сол Зәмедин ағамыздан кейін 2002 жылдан бастап ауылдық ардагерлер кеңесіне төрағалық жасадым. 2018 жылы бұл жұмысты тапсырдым. Қазір немере-шөберелердің ортасында жаратқанға шүкірлік айтып отырған жайым бар, – дейді Әбекең.
Әмзе ағамыздың өмірлік жолдасы Гүлбазар Байыршақызы да кеңшарда комендант, қойма меңгерушісі болып еңбек етті. Мүсәлиевтердің отбасында 3 ұл мен 2 қыз өмірге келіп,олардан 26 немере, 2 шөбере сүйді.
Құрылыс саласының майталманы Әмзе Мүсәлиев ағамызды ауданның мерейтойымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
Әділ ӘБДІРАМАНОВ–
ҚР Журналистер Одағының мүшесі