ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жат ағым - жақсылыққа апармайтын жол

Әлеумет Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының қызметкерлерімен «Жат ағым - жақсылыққа апармайтын жол», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Нартай Майханов қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ - елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. ҚХА-ның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлықэтностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралық қарым - қатынасты дамытуға, сондай - ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800 - ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Жастарымыздың адасуына себеп болып отырған - ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сипаттағы топтардың әлеуметтік желілерде, адамды қызықтыратын түрлі материалдармен бөлісуі, жастардың ақпарттарды дұрыс сүзгіден өткізе алмауы адасуға әкеліп соғуда. Әлеуметтік желілерде ақпараттардың ашық болуы, әр алуан мағлұматтардың көптігі жастарымыздың санасының улануына әкеліп отыр. Деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтармен жұмыс барысында аңғарғанымыздай, олардың құрығына көбіне 14 пен 29 жас аралығындағы жастар ілігеді. Әдетте, мұны интернеттің кең қолданысқа енуімен байланыстырамыз. Жастарымыз жаңалыққа құштар, дүниені ғаламтордағы ақпараттар арқылы қабылдайды. Ғаламторды игерудің, пайдалана білудің жақсы да, жаман да жақтары бар. Жақсы мен жаманды айыратын ой сүзгісі жоқ жерде, түрлі теріс пиғылды күштердің үгіт-насихатына еру оңай. Өкінішке қарай, кей жастарымыз осындай қателікке ұрынып отыр. Тәрбие отбасынан басталады дегенмен мектеп, тиісті орындардың ата - аналарға қозғау салып, осы мәселеге барынша назар аудартуға тырысқаны жөн. Мысалы, жат ағымдар тарапынан төніп тұрған қауіп, бұған интернеттің ықпалы, баланы үнемі бақылаудың маңызын екенін көрсетеді.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda