ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Тазалық – баршаға ортақ

Әлеумет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап-сырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық эко-логиялық акциясы одан әрі жал-ғасын табуда. Аудан басшысы Арман Қарсыбаевтың «Тазалық жұмыстарын тек сенбілікте ғана емес, әр күні өзіміздің жүрген ортамызда жасауымыз керек. Та-залық – бәрімізге ортақ» деген сөзін басшылыққа алған қала, ауыл тұрғындары бұл шараға қатты көңіл бөле бастады.
Оған қосымша аудан әкімдігі-нен ұйымдастырылған арнайы рейдтік топ мүшелері де қала, ауылдарда, теңіз жағалауларын-да болып, аптасына екі рет таза-лық туралы ескертпелер де жа-сауда.
Бұл жолы рейдтік топ мүше-лері жазғы демалысын теңіз жа-ғалауында өткізіп жатқан дема-лушылар мен оларға қызмет көр-сетіп жатқан кәсіпкерлерге таза-лық жайлы түсіндіру жұмыс-тарын жүргізді. Көпшілік болған жерде кемшіліктің де орын ала-тындығы белгілі. Жағажайда тапшандардың ретсіз қойылған-дығы, кейбіреуінің су жиегінде, тіпті суда тұрғандығы, жаяу жүр-гіншілер жолына тоспалар қойы-лып тасталғаны, кәсіпкерлердің тиісті мекемелермен қоқыс шы-ғару мен жерді жалға алғаны жөнінде келісім-шарттарының жоқтығы, салық органдарына тіркелмегендер болды. Бұлар жөнінде тиісті ескертулер жаса-лып, келесі кезекте айыппұл са-лынатындығы айтылды.
−Қызмет көрсетілетін тап-шандар су жиегінен бес метр қашықтықта жаяу жүргіншілер-ге кедергі келтірмейтіндей жерде болуы керек. Сол сияқты кәсіп-керлер демалушыларға таза тө-сек жаймаларын ұсынып, қал-дықтар салатын қалтамен, оны салатын урналармен қамтуы тиіс. Әжетханалар да су деңгейі көтерілгенде жетпейтін биіктікте болуы қажет деді, – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов.
Сонымен қатар тиісті маман-дар айыппұлдың көлемі, құқық қорғау орындарының қызмет-керлері жағажайдағы тәртіп жө-нінде кеңестерін берді.
Ж. ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda