Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласының, «Әсемай», «Болашақ» шағын аудандарында салынып жатқан 120 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Арман Романұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.
Бұл тұрғын үйлерді салу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы», бағдарламасымен жүзеге асуда. Тұрғын үй құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, Шардара қаласының, Шардара-Жетісай бағытындағы кіші сәулеттік абаттандыру құрылысымен танысты. Ондағы сәулеттік жобаларды қарап, ұсыныс-тарды талқылады.
«Тұрғын үй кезегінде жылдап тұрғандарды баспанамен қамту үшін барынша әрекет жасауымыз қажет. Білемін, мыңдаған тұрғын үй салуға бюджет қаражаты жетпейді, бірақ жылда аз-аздан сала берсек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтып, қуаныш сыйлаймыз. Сол үшін барынша қарқынды жұмыс жасауымыз керек. Сонымен қатар, ауданға кіреберіс жерлерін және қала ішін абаттандырып, сырттан келушілер мен аудан тұрғын-дарының көрікті мекенде жүруіне жағдай жасау басты міндеттеріміздің бірі» – деді Арман Романұлы.
Жаңа пәтерлер салу келесі жылы да жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің
баспасөз қызметі