“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсарту, “Шардара - жасыл қала” тақырыбында Шардара қаласы "Болашақ" саябағындағы ағаш көшеттерінің түптерін қопсытып, суғару жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында “Шардара қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі және дербес бөлімдер мен аудан тұрғындарынан 100-ге жуық қызметкерлер мен азаматтар қатысып, ағаш түптерін қопсытып, суғарып шықты.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді, белсенділікпен табиғатқа жанашырлық танытып, өз аумақтарыңызға сенбілік жасап, таза ұстауға шақырамыз!