Отбасы құндылықтарын ардақтауды мақсат тұтқан мерейлі жиын Шардара аудандық мәдениет сарайында өтті. Облыс прокурорының тапсырмасымен Шардара аудандық прокуратурасы ұйымдастырған бұл басқосуда мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Керегем, саған айтам», «Ұлт тұмары» кітаптарында өмірлік іс-тәжірибесі жазылған, ұлт руханиятына айрықша үлес қосып жүрген Оразкүл Асанғазықызы қонақ болып, көпшілікке «Отбасы берекесі» кітабын таныстырып, саналы ғұмырынан сыр шертті.
Жиынды Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы ашып, алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлына берді. Ол келген қауымды Оразкүл Асанғазықызының мемлекеттік қызметтегі тұғырлы жолымен таныстырып өтті. Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы мен Сарыағаш ауданының әкімі лауазымдарында белсенді қызмет атқарған, Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына басшылық еткен, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Жоғарғы кеңесі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде ел сенімін ақтағанын атап көрсетті.
Бүгінде ел анасы атанған Оразкүл Асанғазықызы сөзін жастық шақтағы естеліктерден бастады.
– Жамбыл облысында туып-өскеніммен Сарыағаш ауданына келін болып түсіп, бар қызметімді оңтүстіктіктерге арнадым. Оңтүстіктіктер келіндерін «өсіретін» халық екендігіне көзім жетті. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында осындай биік нәтижелерге жеттім, – деп сөзін бастаған Оразкүл Асанғазықызы «Отбасы берекесі» кітабына шолу жасап, әр отбасыны берік ұстайтын ұлттық құндылықтар жайлы ой өрбітті.
Оразкүл елге ең қажетті екі қастерлі ұғымды басты қағида етіп келеді: ол – тіл және отбасы мәселесі. Талай жоғарғы аудиторияларда «Тіл құбылысының ұлттық маңызы мен мәртебесі» және «Отбасы берекесі» тақырыбында дәрістер өткізіп, тыңдаушыларын терең әсерге бөлеген. Бұл жолғы кездесуде ол қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына күш салған ұлт зиялылары – Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов сынды қайраткерлердің еңбегін тілге тиек ете отырып, Абай мен Шәкәрімнің отбасы хақындағы ой-пікірлерін де жастардың жүрегіне тұщымды етіп жеткізді.
Кітап авторы шаңырақтың беки түсуі үшін ата-ана мен перзент арасындағы сыйластықтың маңызы зор екенін атап өтті. Ер азаматқа жар таңдау мен бойжеткенге өмірлік жарды дұрыс таңдап, болашақтың негізін қалау – ұлт болашағының алтын арқауы екенін өрнекті сөздерімен бедерледі. Отбасы – кішігірім мемлекет, оның жылуын тек махаббат пен өзара құрмет қана маздатады. Ененің келінге деген ізгілігін, қарияны құрметтеу мен адамгершілік рухын шынайы мысалдармен айқындады.
Осылайша, қайталанбас тағдыр мен өмірлік тәжірибені бойына жиған Оразкүл Асанғазықызы шаңырақтың шаттығын сақтайтындай кең ауқымды ой-толғамдарын ортаға салды. «Отбасы берекесі» кітабында қамтылған басты тақырып – бала тәрбиесі мен ата-ана аманатына адал болу туралы тұжырымдар көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе, «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп, ата-әжелерді құрметтеп, қадірлеу жайлы өнегелі сөздері жиналғандарды терең толғандырды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы елдің атынан Оразкүл Асанғазықызына алғыс айтып, иығына камзол жауып құрмет көрсетті. Ал кітапты алуға ниеттілер автордан арнайы қолтаңба жаздырып, ерекше рухани әсермен тарқасты. «Отбасы берекесі» кітабын іздеген оқырмандар аудандық кітапхана мен аудандық ішкі саясат бөліміне хабарласа алады. Жиынға жиналған қауым уақыт пен қоғам сұранысынан туындаған тағылымды әңгімелер естіп, отбасы құндылықтарының қадірін ұғынғандай әсерде тарқасты.
Жаңабай Жігерұлы