Өткен Ұлу жылы өз ерекшелігімен, қуаныш сыйлаған сәттерімен әр адамның есінде қалды. Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде отыз жылдан астам ұстаздық еткен, бұл күнде мектептің бейіндік оқу ісінің меңгерушісі Бектасова Бақтыгүл Айдарханқызында да қуанышты күндер молынан болып жатыр.
Отбасы мен мектептегі жетістіктерін атамағанның өзінде ол Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰҚП Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасының Құрмет грамотасымен, 7-8 жылдан бері іскер әйелдер қатарында қайырымдылық жұмыстарына белсене араласып жүргені үшін «Әйел – бизнес биігінде-2024» номинациясымен марапатталды.
Бақтыгүл Айдарханқызының білімі жоғары, қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген. Өз сабақтарында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін бар күш-жігерін аямай бітіруші сыныптар арасында мамандық таңдау кешін өткізіп болашақтарына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ол Мемлекет басшысының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің, «AMANAT» партиясы филиалының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ұжымдастары мен оқушыларының құрметтісі болып жүрген ұлағатты ұстаз Бақтыгүл Айдарханқызына Жаңа жылда да мол жетістіктер тілейміз.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ