ШАРТАРАП ШАРАЙНА

БАҚ рөлі қашанда жоғары

Әлеумет
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – бүкіл еліміз үшін маңызы зор, мәні бөлек мереке. Бұқаралық ақпарат құралдары кез-келген мемлекеттің дамуын-да айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үрдістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған байла-нысты» деп атап өткен болатын.
Себебі бұқаралық ақпарат құралдары – еліміздің руха-ниятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз.
Аудандық «Шартарап–Шарайна» және «Өскен өңір» газеттері ауданымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.
Ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңге-ріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны ерекше.
Нақты адами ұстаным мен болып жатқан жайтқа бей-жайлық танытпай, мақсатқа жетуге ұмтылу сіздердің маман-дықарыңыздың ерекше қыры.
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсат-тарыңызға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!
Құрметпен Аудан әкімі А.Қарсыбаев
Made on
Tilda