Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен, аудан әкімдігінің атынан қасиетті Рамазан айында, Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойының аясында әлеуметтік аз қамтылған 60 отбасына азық-түлік үлестірілді. Қайырымдылық шарасына әлеуметтік сала мамандары және аудандық орталық мешіттің өкілдері атсалысты. Аз қамтылған жандар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақ батасын берді.