Биылғы жыл аудан диқандары үшін табысты жыл болғалы тұр. Өйткені «Шөжені күзде санаймыз» дейтін диқандарымыз қазірдің өзінде бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Ауданда 3732,0 тонна күздік бидай 4380,0 тонна жаздық арпа, 260,0 мың тонна бақша, 22,5 мың тонна көкөніс және 4000 тонна картоп жиналды. Бұл өткен жылдардағыдай әлдеқайда артық.
Сонымен қатар биыл 12417 гектарға егілген мақта мен 2505 гектар күріштен де мол өнім алынады деп күтілуде. Себебі оны өндіру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып, қолдаулар болды. Агротехникалық жұмыстарды өз деңгейінде уақтылы атқару мақсатында «Ырыс» МҚҰ ЖШС 67 шаруа қожалығына 511,1 миллион, «Оңтүстік» АИО ЖШС 408 шаруа қожалығына 2442,0 миллион, ал мақта компаниялары 1335,0 миллион теңге несие берді. Сол сияқты гектар өнімділігін арттыру мақсатында шаруаларға 15018 тонна минералды тыңайтқыш жеткізіліп берілді.
Ендігі мақсат егістікте қордаланған өнімді жауын-шашынға ұрындырмай дер кезінде жинап алу. Ол үшін қажетті тракторлар мен тіркемелер сақадай сай дайындалып, науқанның басталуы күтілуде. Комбайнмен мақтасы жиналатын алқаптарға дефолиация жұмыстары жүргізілуде. Жиын-терімге қажетті жанар-жағар майдың қоры да жеткілікті мөлшерде дайындалған. Мақта жинайтын комбайндардың мақталы алқапқа шығуына да санаулы күндер қалды.
Диқан еңбегінің нәтижесі мол өніммен өлшенбек. Іске сәт, диқандар!
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ