Қазір заман жаңарған сайын, технологиялар да дамып, қарыштап жатыр. Бұрын адамзат фотоаппараттың көмегіне жүгініп, өзіне ұнағанын не өзін естелікке алу үшін суретке түсіріп, оны шығарып алып, үйдегі альбомға сақтаса, қазір бәрі басқаша. Заманына қарай адамы деп, жастарымыздың арасында мобилография деген сала пайда болып, сол мамандық жастар арасында сұранысқа ие болып, бүгінгі күні аталмыш саланы кәсіптің бір түріне айналдырғандар да бар. Солардың қатарында ауданымыздағы жеті қырлы, бір сырлы жас мобилограф Аңсар Жиенбекұлы да бар. Оның айтуынша, мобилограф болу үшін адамдарда ой ұшқырлығы, байқампаздық, қарапайым нәрселерден ерекше сұлулықты көре білу қасиеттері болуы керек, ерінбейтін, көп ізденетін адам ғана жақсы нәтижеге жете алады. «Бұл менің салам емес» деп қолды бір сілтей салмауы керек.
–Мен алғашқыда тойларды видеокамераға, фотоға түсіріп жүрдім. Ол жұмысты меңгерген соң өзіме жеке камера сатып алып, жұмысымды әрмен қарай дамыттым. Бертін келе заман талабы дейміз ғой, барлық жұмыс телефонмен байланысты болып кетті, тіпті үлкен той-томалақтардың өзін осы қолымыздағы алақандай телефонның камерасына таспалап, кадрлар алып жүрміз. Содан не керек, өзіңіз білетіндей бүгінде «мобилограф» деген жаңа мамандықты терең меңгеріп, бүге-шүгесіне дейін қарап, түсініп сол арқылы нан тауып жүрген жайым бар. Тағы бір айта кетерлігім, осыдан 1 жыл бұрын «Бизнес бастау» жобасына қатысып, өз жобамды осы мобилография саласына қажетті құралдар алу жайында қорғап, қайтарымсыз грант ұтып алдым. Сол қаржыға дрон сатып алып, кәсібімді одан әрі дамытудамын, -дейді жас кәсіпкер.
Бүгінде мобилогрофтар неше түрлі онлайн курстарға қатысып, заманауи жаңа бағдарламаларды меңгеріп, тәжірибелері мен біліктіліктерін арттыруда. Қазір әлеуметтік желілерден байқасаңыз, елге белгілі тұлғалардың, өнер адамдарының, интернет магазиндердің, тіпті саяси қызметкерлер, әкімдер, депутаттардың өзі жеке мобилогрофтардың қызметіне жүгініп жатады.
Бұл жөнінде «Бұл саланы үйренуде елімізге белгілі мобилограф Қыран Талапбектен онлайн сабақ алуымның көп көмегі тиді және өзімнің талпынысым мен ізденімпаздығымның арқасында толықтай осы мамандықты меңгеріп алдым. Осы жұмысымның арқасында көптеген нысандардың, соның ішінде тойхана, спорт мектептері, футбол алаңшаларының ашылу салтанатына қатыстым. Және де қазіргі таңдағы тағы бір трендтегі LOVE STORY -ды телефонмен түсіруге болатынын дәлелдедім. Сондай-ақ, көптеген адамдардың қуаныш-тойларын түсіріп, бірталай халыққа әдемі естелік қалдырдым және де бүгінге дейін 4-5 мобилогрофтарды дайындап, оларға бағыт-бағдар берудемін. Олар да мобилографияны өз кәсіптеріне айналдырып жүр. Алдағы уақытта Шардара қаласында осы мамандық бойынша курс ашып, халыққа үйрету ойымда бар. Менің курсыма қатысқан әрбір жан ешқандай мобилограф жалдамай-ақ, той-жиыны, қызықшылығының естелігін өздері жасап ала береді» -дейді Аңсар Жиенбекұлы.
Айта кетелік, Аңсар 2000 жылы 7 сәуірде Шардара қаласында өнерлі отбасында дүниеге келген. Өтеғұл елдімекеніндегі Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің түлегі. Мектеп бітірген соң қаламыздағы № 16 кәсіптік колледжге оқуға түсіп, аталған оқу орнын жақсы, жоғарғы деңгейде тәмамдап шыққан. Қазіргі таңда ауданымыздағы ең күшті деген тойлардың бәрінде мобилограф болып жұмыс жасап, той иелеріне әдемі естеліктер сыйлап жүр.
Бота БОЛАТОВА