Жайдарман – жастарды сахна тіліне, сөз мәдениетіне, тапқырлыққа, ынтымақ пен ұйымшылдыққа үйрететін тәрбиелік мәні зор жоба. Бұл тек ойын емес – болашақ көшбасшылардың, қоғам қайраткерлерінің алғашқы қадамын бастайтын алаң.
Ақындар «Өнерлі өрге жүзеді» десе, ел ішінде «өнерлінің жолы даңғыл» деген нақыл тағы бар. Осы нақылдың шынайы көрінісі жақында Астана қаласында өткен «Маусымашар – 2025» республикалық Жайдарман фестивалінде анық байқалды.
Ауданымыздағы А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Байдың қыздары» атты жайдарман тобы елорда төрінде өнер көрсетіп, республикалық деңгейде жүлделі орынға ие болып, барша шардаралық жұртшылықтың абыройын асқақтатты.
Өнер мен тапқырлықты, шешендік пен сатираны жандарына серік еткен білімді де белсенді жастарымыз ел көз тіккен сахнада еш мүдірместен өнер көрсетті. Күлкі мен көркем ойды үйлестіре білген, елдің көкейін-дегіні емеурінмен жеткізе алған жас жайдарманшылардың бұл жетістігі – үлкен еңбектің жемісі.
Аудан абыройын республикалық деңгейде асқақтатқан команда жетістігіне орай, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев «Байдың қыздары» тобын, мектеп директоры Жанар Нуралиева мен команда жетекшісі Айжан Тохмамбетованы арнайы қабылдап, ақжарма тілегін арнады. Ол өз сөзінде жастардың тек спорт саласында ғана емес, ғылым мен өнерде де табысқа жетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ, әкім жеңімпаздарға Алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыс етіп, алдағы уақытта өтетін Ақтөбедегі сайыста сәттілік тіледі.
Команда құрамында – Рүстемова Айгерім, Оңғарбек Тұрғанай, Абылай Назерке және Жұмабай Аяулым сынды мектебіміздің белсенді оқушылары бар. Бұл – өз ойы, өз пікірі бар, ел алдына шығып еркін сөйлей алатын, кез келген күрделі ойды қалжыңмен жеткізе білетін қыздар. Олар бұған дейін Жаушықұм ауылында өткен аудандық Жайдарман сайысында І орын иеленсе, Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында өткен додадан ІІІ орынды қанжығалаған болатын. Енді, міне, Астанадан Ақтөбеге жолдама алып отыр.
Жастардың бойындағы талантты танып, оны ұштап, бағыт беріп келе жатқан жетекшісі – Айжан Тоқмамбетова. Ол – саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген білікті маман, шәкірт жүрегінен орын ала білген нағыз ұстаз. Әр әзілдің астарына мағына, әр сөздің өзегіне тәрбие дәнін егіп ке-ле жатқан жетекшінің еңбегі ерен. Оның жетекшілігімен команда тек сахнада емес, өмірлік ұстанымда да биіктерге ұмтылып келеді.
Бұл жолғы жеңістің тағы бір тірегі – демеушілік көрсеткен аудандық мәслихаттың депутаты Алмасхан Жамбаев. Қашан да жастар бастамасына қолдау білдіріп, жақсы істің жанынан табылып жүретін азаматтың бұл қамқорлығы – үлкенге өнеге, кішіге үлгі.
«Күлкі – көңіл ажары» десек, осы бір жайдары жүзді жастардың өнері арқылы күллі көрерменнің көңілі көтеріліп, рухы асқақтады. Алдағы уақытта өтетін Ақтөбедегі сайыста да сәттілік серік болып, жаңа белестерді бағындырсын деген тілегімізді білдіреміз.
А.МАМАСЕРИПОВА –
А.Әлімбетов атындағы ЖББМ директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары