ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Заңнама талаптары кеңінен түсіндірілді

Әлеумет
Кеше Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Бердешовтың төрағалығымен аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру бойынша ауқымды мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде алты мәселе қойылып, яғни, Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көрсетілетін қызметтер, арыз-шағымдардың қаралу барысы мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі мәселелер қозғалып, мәжіліске қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және жауапты мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Мәжіліс төрағасы күн тәртібіндегі мәселелердің күрделілігі мен маңыздылығын ескере отырып, әрдайым бі-ліктіліктерін көтеріп жүрулерін, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жұмыс атқаруларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыс жүргізуді және немқұрайлы қарамауды жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda