ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Мектептегі тамақтандыру

Әлеумет
Балалар - біздің өміріміздегі ең қымбат жандар. Біз оларды тәулік бойы қорғап, қамқорлығымызға алуға дайынбыз. Бірақ олар өсіп, жеке жауапкершілікпен жаңа өмірге, яғни мектепке қадам басады. Адам өмірінің ересек болу кезеңі ең маңызды шақ. Ол осы кезенде қаншалықты дұрыс дамығандығына, тамақтанғандығына оның алдағы барлық болашақ өмірі байланысты болады.
Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану орындарына және олардың қызметкерлеріне белгілі бір талаптар бар. Олар атауы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиология-лық талаптар» деп аталатын санитариялық қағидалармен айқындалады. Дәл осы құжатпен мектептің тамақ беретін орнында ненің болуы тиіс, ненің болмауы тиіс екенін білуге болады.
Жалпы білім беру мекемелерінде міндетті тәртіпте перспективалы екі апталық ас мәзірі жасалады. Оны әзірлеу кезінде білім беру мекемесінде оқушылардың болу ұзақтығы, жас шамасының санаты, ұлттық дәс-түр мен осы өңірде шығарылатын отандық өнімнің ассортименті есепке алынады.
Балалар мен жасөспірімдер тағамының рационында дәруменді-минералды кешенмен байытылған азық-түліктер қолданылады. Ас мәзірі барынша толыққанды және барлық талаптарға сәйкес келуі үшін қоғамдық тамақтандыру ұйымының штатында мүмкіндігіне қарай осылардың барлығын дұрыс реттей алатын технолог пен диетолог болуы тиіс. Барлық қызметкерлер міндетті тәртіпте медициналық тексерулерден өтулері және тағам блогында белгіленген санитарлық қағидалар талаптарын сақтаулары тиіс.
Тағыда бір маңызды айта кететін жағдай, білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды: қатық, сүзбе, айранды, туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді, кремі бар кондитерлік өнімдерді, тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье),морстар, квастарды, фритюрде қуырылған өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны, күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды, окрошканы, саңырауқұлақтарды, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды, газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда), фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды, ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге жол берілмейтіндігін білуге тиіссіздер.
Сондай-ақ мектептің тамақтандыру ұйымында, азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар сақталуы тиіс және барлық жалпы білім беру мекемелерінде жоғарыда сынамаланған тағамдық өнімдерді өткізетін автоматтарды қоюға жол берілмейтіндігін еске саламыз.
УМЕШОВА Гулжан Амирешовна
Шардара аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
Made on
Tilda