Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі этаптардан, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Көп ішінен іріктеліп, оза шыққан маман – мемлекеттік қызметші атанады.
Мемлекеттік қызметте еңбек ету үлкен күш-жігерді талап етеді. Осындай үлгілі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Домбаева Гүлзиба Ағаділқызы.
Гүлзиба Ағаділқызы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара ауылында дүниеге келген. Осында мектеп бітіріп, ата-ананың жанұядағы үлгілі тәрбиесінің арқасында жоғары білім алып, 2009 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық уни-верситетін тәмамдап, био-технолог бакалавры атанған.
Еңбек жолын 2009 жылы Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде инспектор қызметінен бастап, статистик, жетекші маман қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің» бас маманы.
Осы жылдар арасында еткен еңбегі ескеріліп, аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Бәрімізге ортақ қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғалар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасай-тыны белгілі. Ал, күнделікті қызметте, тұрғындардың түрлі уәждерін ескеріп, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшіге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметшінің, адамдармен қарым-қатынасы қоғам назарында. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілер жеке өмірінде ұқыпты, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармайды. Олардың күнделікті жұмыстары жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау болып табылады.
Мемлекет, біздің қоғам білікті мамандардан жоғары деңгейдегі білім мен ізденісті талап етеді. Ел ісіне араласқан кез келген маман Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекет тік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға міндетті.
Ол мемлекет айнасы. Қоғам әрбір мемлекеттік қызметшіден үлгілі болуды талап етеді. Ал, ел сенімінен шығу, соның жолында барын салу – әрбір мемлекеттік қызметкердің абыройлы міндеті.
Гүлзиба Ағаділқызы ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, бөлімнің кадр жөніндегі жұмысын атқарады. Жұмыста өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, көп жандарда кездесе бермейтін жауапкершілігімен, біліктілігімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында сый-құрметке ие, жас мамандарға жұмыстың қыр-сырын үйретіп, үлгілі қызмет атқаруда.
Жұмыспен қатар, отбасы тәрбиесіне де көп көңіл бөліп, қазіргі таңда жол-дасымен бірге 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі ана.
Ақбота ӨСЕРБАЙ