Аудан әкімі Арман Қарсыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойын-ша қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қала мен ауылдық ок-ругтерден келген тұр-ғындар өздерін толған-дырып жүрген сан түрлі мәселелерді көтеріп, ау-дан басшысынан көмек сұрады.
Қабылдауға алғаш болыып жазылған қала тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат Ерлан Смайылов көкөніс дақылдарын егу үшін 10-15 сотық болатын жер учаскесін алуға жәрдем сұрап, сонымен қатар көгілдір отынның кешеуілдеп жатқанын жеткізді. Оны мұқият тыңдаған аудан басшысы Арман Романұлы «Ерланның ерік-жігері өте мықты жігіт. Мүмкіндігін тауып көмектескеніміз дұрыс» деп, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Тағы бір мүмкіндігі шектеулі азамат Баянсұлу Жүнісова анасы екеуі 2008 жылдан бері тұрған үй кезегіне қолдары жеткенін, енді оған қай уақытқа дейін арендалық өтемақы төлеу керектігін білгісі келетінін, сонымен бірге қала ішінде қатынайтын маршрутқа мүгедектігі үшін тегін жүру қарастырылса деген өтініштерін айтты. Сүткент ауылынан келген Айна Молдабекова үйіне көгілдір отын тартуға жәрдем сұраса, Қуанқұдық ауылынан келген Орынбасар Бозанов ауылға газ әкелу мәселесін көтерді. Қызылқұм ауылынан келген Қанатәлі Бегалиев өзекті деген бірнеше мәселені жазып әкеліп, аудан басшысының назарына ұсынды. Тұрғын үй кезегі жетіп тұрған Динара Жастаева ата-анасының үйінде үлескерлігі барлығы үшін баспана берілмей қалмай ма деген қаупін білдірсе, Тұйғын Қолдасова медбике мамандығын бітіріп келген қызына жұмыс сұрады. Клара Бөрібекова көшеге жарық тарту, Асылбек Қаныбеков балалар ойын алаңшасын салу секілді мәселелерді көтерді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үйге қол жеткізу, жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек алу, үйге газ тартуға жәрдем беру сияқты өтініш-тілектерін айтып шықты.
Тұрғындарды асықпай тыңдаған аудан әкімі олардың мәселелерін заң аясында оңтайлы шешу жағын қарастыру үшін тиісті сала мамандарына тапсырма берді.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысып отырды.
А.ТӘЖІ