ШАРТАРАП ШАРАЙНА

БІТІМГЕРЛІК ЖАСАУ – ЕРДІҢ ІСІ

Әлеумет
Аудандық кәсіпкерлік мектебінде «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация күніне» орай аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов, аудандық сот судьясы Айкүміс Сәрсенбайқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық кәсіби және қоғамдық медиаторлардың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде Б.Шомпиев жиналғандарды «Медиация күні» мерекесімен құттықтап, бұл күннің ерекшеліктеріне тоқталып, медиацияның дауларды, жанжалдарды шешудің негізгі құралы екендігін атап өтті.
Келесі кезекте Айкүміс Сәрсенбайқызы аудандық сотта медиаторлардың көмегімен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсе, Тоқсанбай Бердібековте бастауыш ардагерлер ұйымының құрамындағы медиаторлардың ондаған істі бітімгерлік тұрғыда шешкенін, тағы бес істі қолға алып жатқанын атап өтті.
Кездесуде аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, кәсіби медиатор Асылхан Данияров, қоғамдық медиатор Биту Жанайдар тағы басқалар медиация жұмысын жандандыру бағытында өз ойларын ортаға салды. Яғни учаскелік инспектор мен медиатор арасындағы байланысты нығайту, медиаторларға арнайы кабинет бөлу, кәсіби медиаторлыққа баулу, медиаторлардың атқарған жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, елге жеткізіп отыру қажеттігі айтылды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев медиаторлар Асылхан Данияров, Биту Жанайдар, Ибрагим Бектұрсыновтарға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хаттарын табыстап, алдағы жұмыстарында жетістіктер тіледі.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda