Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық дене шынықтыру және спорт бас-қармасының басшысы Қанат Жолдықараев, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.
Абсолютті салмақ дәрежесінде (90+ келі) жанкүйерлер өте тартысты белдесулердің куәсі болды. Себебі, осы салмақтағы балуан-дар жарыстың «түйе балуаны» атануға ең басты үміткерлердің қатарында-тын. Көп-шілік күткендей, финалға шардаралық Қайсар Шамшиддинов пен түркістандық Бибарыс Әбдіғани шықты. Қос балуан жақында ғана «Түркістан барысы» турнирі-нің ақтық сынында белдесіп, ол кезде Бибарыстың мерейі үстем болған еді. Енді алдағы уақытта «Қазақстан барысы» турни-рінде облыс намысын қорғайтын балуандар осы жарыстың да финалында белдесіп отыр. Бұл жолы шардаралық Қайсар Шамшиддиновтің бағы жанды. Қола жүл-дені ордабасылық Мейірхан Бейсенәлі мен Шаяннан келген Сардар Әбдісамитұлы өзара бөлісті.
Жанкүйерлер асыға күткен «түйе бал-уан» бәсекесіне 19 балуан қатысты. Соқыр жеребе ә дегеннен облыстың маңдайалды балуандары Еркеғали Қуандық пен Бибарыс Әбдіғаниды жұптапты. Жергілікті жан-күйерлердің қиқуынан от алған Бибарыс Еркеғалиға мүмкіндік берген жоқ десек бо-лады.
Жартылай финалдық белдесулер аса тар-тысты өтті. Әсіресе, жұрт Шардарадан шық-қан балуан Қайсар Шамшиддинов пен Бибарыс Әбдіғанидың белдесуіне аса ыжда-һаттылықпен көз тікті. 2018-2020 жылдар аралығында осы турнирдің ақтық сынында белдескен Қайсар Шамшиддинов биыл да «түйе балуан» атанамын деп келгенін дәлел-деуге тырысты. Алайда, Бибарыс оған мүм-кіндік берген жоқ. Бұл текетіресте аздаған басымдықпен түркістандық балуан жеңіп кетті.
Осы күні өз салмағында чемпион атанған түркістандық Дидар Хамза мен саурандық Алмас Бекарыстан жартылай финалдық кез-десуді аса сақ бастады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дидар екі бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан. Сол тәжірибесінің арқасында сақ күресіп, саурандық балуанға мүмкіндік қалдырған жоқ.
Ал, ақтық сында Дидар Бибарыстың осал тұсын тауып, екі рет ұпай иеленді. Осылайша Дидар Хамза қазақ күресінен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған турнирдің «түйе балуаны» атанып, бас бәйгеге тігілген «темір тұлпарды» мініп кетті.
Жалпыкомандалық есепте үшінші орын-ды Кентау қаласының құрамасы иеленсе, екінші орынға шардаралық балуандар жай-ғасты. Ал, бірінші орынды Түркістан қала-сының командасы иеленді.
Осылайша, Түркістан қаласындағы дода да тарих қойнауына еніп кете барды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мұн-дай жарыстардың ел спортына елеулі үлес қосатынын атап өтті. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған турнирді келесі жылы Шардара ауданы өткізетін болды. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қожахметтен Шардара аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас-шысы Еркебұлан Айдаров жарыс эстафета-сын қабылдап алды. Ендеше, «Оңтүстік Қазақстанның» кезекті турнирінде кездес-кенше, ағайын! Қазақ ұлтының керуені, қазақ күресінің әлемдік сапары тоқтамағай!
Суретті түсірген
Қ.ШЕРІМ.
Ерболат АЙНАБЕКОВ,
«Оңтүстік Қазақстан» газеті №67 (212583) 18 маусым 2024 жыл.