Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Сержан Ильясовтың қатысуымен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оны аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Нұрпейісов ашып, отырыстың күн тәртібімен таныстырды.
1. Аудандық «Мансап» орталығы филиалы басшысының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында және әлеуметтік бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыспен қамту, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», қоғамдық жұмыс, кәсіп ашу бойынша есебі.
2. Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының жер қатынастары заңнамаларына сәйкес және «Жер аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жер түгендеу, суармалы жер көлемін арттыру, жерлерді мемлекетке қайтару, жайылымдық жерлер бойынша есебі.
3. Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының санитарлық тазалық, көгалдандыру, ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен төртінші мәселе ретінде отырысқа қатыспаған қоғамдық кеңес мүшелерін мүшеліктен шығару мен ескерту беру мәселесі қойылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берген «Мансап» орталығы филиалының басшысы Нартай Майханов «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2024 жылы 3075 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру жоспарланып, қазіргі таңда 2159 адам қамтылғанын, жұмыссыздарды enbek.kz платформасында онлайн оқыту бойынша 200 адам оқыту жоспарланып, 152 азамат оқуын аяқтап сертификат алғанын атап өтті. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантты 81азаматқа беру жоспарланып, маусым айында өткізілген 1 лек, тамыз айында өткізілген 2 лек бойынша комиссия отырысының қорытындысымен 81 азамат оң қорытынды алып, өз кәсіптерін бастаған. Өкінішке орай Сүткенттен бірде-бір адам грант алмаған.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 190 жұмыссызды жолдау жоспарланып, жыл басынан бері 25 жұмыс беруші мекеменің берген өтініміне сәйкес қазіргі таңда 184 азамат жұмысқа жолданған. Қызылқұм, Сүткент, Достық, Жаушықұм ауыл округтерінен бірде-бір адам қатыспаған.
Орындалмай қалу қаупі бар кейбір жоспарлар бойынша сұраған қоғамдық кеңес мүшелеріне «Жыл соңына дейін барлық көрсеткіштер орындалады» деп жауап берді филиал басшысы.
Екінші мәселе бойынша есеп берген аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайсар Нұрманов ауданның жер көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарын жиынтықтар бойынша атап өтіп, аудан бойынша ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан 4823,0 гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылғандығын, сонымен қатар бүгінгі таңда мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 750 гектар жер телімі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан анықталып, облыстық жер инспекциясына талап арыз берілгенін, нәтижесінде Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыздың қанағаттандырылғандығын айтты.
Аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан 2600,0 гектар жер телімінің заңсыз, мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталып, жер учаскесі иелеріне 60 АЕК көлемінде Түркістан облыстық жер инспекциясы тарапынан айыппұл салынып, заң талаптарын орындау үшін нұсқамалар берілгені айтылды.
Сол сияқты елді мекендердің шегін өзгерту, жайылымдық жерлер мен сұранысы жоғары мақсаттағы жерлер туралы атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Атқарылған жұмыстарға оң баға берген қоғамдық кеңес мүшелері аудан бюджетін арттыру мақсатында кәсіпкерлікке аукцион арқылы берілетін жерлердің бағасын қайта қарау қажеттігін, ал ауыл әкімдері мемлекетке қайтарылған жерлер туралы білмейтінін, бірізділік болу керектігін айтты.
Үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мейірбек Шомпиевтің есебі тыңдалды. Баяндамашы ауданда табиғи газ, ауыз су, «Ауыл ел бесігі», жолаушылар тасымалы, көгалдандыру, санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері кейбір мәліметтерге көңілдері толмайтындығын атап өтті. Газ, ауыз су мәселелерінде кемшіліктер жеткілікті. Келешегі жоқ деп танылған елдімекендерге жобалық сметалық құжаттар дайындалып, жоғарғы жақтан қаржы сұралуда, әлі қаржысы аударылмаған «Тама-Тастанбек» ауыз су торабын жүргізуге конкурс жарияланып, мердігер анықталып қойылған, полигонға апарылған қалдықтар ретсіз тасталады, канализация жүйесі әлі қабылданбаған, қысқа дайындық жұмыстары нашар екендігі айтылды. Сонымен қатар қалада жүретін қоғамдық көліктің жүру бағыты мен кестесін қайта қарау керектігі айтылды.
Қоғамдық кеңес отырысында соңғы мәселе бойынша бірде-бір рет отырысқа қатыспаған қоғамдық кеңестің бір мүшесі мүшеліктен шығарылып, екіншісіне ескерту берілді.