Биыл Шардара ауданының құрылғанына 60, Шардара су электр станциясының салына бастағанына 67 жыл толып отыр. Тың жерді игеру саясатымен санаулы ғана адамның қатысуымен басталған жұмыстар екпінді құрылыс алаңына айналып, 10-15 жылдың көлемінде табысы тасыған өңірге айналды. Жаңа совхоздар ашылып, мақта күріш алқаптары кең қанат жайды.
Менің қатысуыммен салынған «Октябрь кинотеатры», ет комбинаты, күріш зауыты, Шардара ауыз су торабы, жаңадан ашылған совхоздардың тұрғын үйлері мен мәдени, тұрмыстық объектілері көп еңбекті қажет етті. Қаладағы, совхоздардағы көшелерді көліктер жүрмейтін түнгі мезгілдерде салдық. Дегенмен сол кездегі құрылысшылардың еңбексүйгіштіктерінің арқасында барлық тапсырылған жұмыстарды белгіленген мерзімде атқарып отырдық.
Мектепті бітірген 1962 жылы Шымкент шаһарындағы Қазақ Химия-Технологиялық институтына оқуға түстім де, ауылдан ұзап кеттім. Арада үш жылдық әскер қатарындағы қызметті бастан кешіріп, жоғарғы оқу орнындағы оқуымды жалғастырып, оны 1971 жылы аяқтадым.
Сол жылдары «Шардара деген жерде үлкен құрылыс жүріп жатыр», - дегенді еститінбіз. Сырдария өзені бөгеліп, су қоймасы жасалып, су электр стансасы салынып жатқаны, тың жерлер игеріліп, жаңа совхоздар құрылып жатқаны ел аузынан түспейтін.
Жоғарғы оқу орнының кешкі факультетін бітірген маған жолдама берілген жоқ. Инженер-құрылысшы мамандығы бойынша диплом қолыма тиген соң, Шардараға баруға бекіндім. Шардара бір рет жолай өткенім болмаса, таныс жерім емес. Арқа сүйеп баратын таныс ешкім жоқ. Сонда да тәуекел деп жолға шықтым.
Міне ғажап, Шардараға келсем алдымда әскерге дейін, екі жыл бір группада оқыған Шаншар досым тұр. Бұдан асқан сәттілік бола ма? Қуанышымда шек жоқ. Соның көмегімен жұмысқа орналастым.
Аудандық аурухана, пошта және санэпидстанция ағаш барактарға жайғасқан. Аудандық партия Комитетінің ғимараты енді салынып жатыр. Құрылыс материалдары комбинатының өндіріс ғимараттары негізінен бітіп, жұмысқа кіріскен екен. Төрт қабатты, үлкен әкімшілік ғимаратының құрылысы енді басталыпты. Механикалық жөндеу зауытының жабық цехтары салынып бітпеген, жөндеу жұмыстары қабырғалары жоқ бастырмалардың астында жүргізілуде. Тек су электр станциясының ғана құрылысы толығымен бітіп, электр қуатын өндіріп жатыр екен.
Менің алғашқы объектілерім құрылыс материалдары комбинатының төрт қабатты әкімшілік ғимараты (қазіргі Соқпақбаев атындағы мектеп), «Октябрь» кинотеатры (қазіргі Абай атындағы мәдениет сарайы), №1 автобазаның өндірістік комплексі және екінші мөлтекаудандағы екі қожалық үш тұрғын үй болды. Одан бөлек, екінші ауысымда қаланың көшелеріне бетон құямыз. Ол кезде ауданда асфальт зауыты жоқ, көшелерге асфальттің орнына бетон төселеді.
Қызылқұм өңіріндегі тың жерлерді игеру жолындағы қызу еңбекке құрылыс шебері болып бастап, жас шеберлерді үлкен-үлкен ғимараттардың сызбасымен таныстырып, оның атқарылуын талап еттім. Тәртіп бар жерде жұмыс та өз деңгейінде жүреді. Осылайша жай құрылыс шеберінен шыңдалып, прораб, учаске бастығы, жылжымалы мехколонналардың бас инженері, бастығы лауазымдарын атқардым. Еліміз егемендік алғаннан кейін де аудан әкімінің экономика жөніндегі орынбасары лауазымында ауданның экономика, қаржы, өндіріс, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, энергетика, автокөлік және байланыс салаларына жетекшілік еттім. Кейіннен Шардара қаласының әкімі қызметін атқардым.
40 жылға жуық еткен еңбегім еленіп, Шардара ауданының Құрметті азаматы атандым. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен, «Тыңға 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» «КСРО Қарулы Күштеріне 7 жыл» медалдарымен марапатталдым.
Жоғарыдағы аталған жұмыстарды атқара жүріп қаншама адаммен таныстым, іс-тәжірибелерін үйрендім, өзімде тәлімгер болдым. Бәрі де еңбектің арқасы. Сондықтан жастарға үнемі адал еңбектің жемісі болатынын айтып отырамын.
Ауданымыздың құрылғанына 60 жыл толған осындай қуанышты мерекесінде барша шардаралықтарды құттықтай отырып, жастарға туған жерге еңбек сіңіріңдер, көркейтіңдер, өз үлестеріңді қоса беріңдер дегім келеді.
Мереке баршаңызға құтты болсын!
Оралбай АҚБЕРДИЕВ – еңбек ардагері, «Шардара ауданының Құрметті азаматы»