Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік мектебінде жастар арасында адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттау, адалдық және адамгершілік идеяларын өскелең ұрпақтың санасына сіңіруге ықпал ету. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеу-шілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тарту мақсатында «Біз адал жолды таңдаймыз!» атты шығарма жазудан аудандық байқау өтті. Байқауға аудандағы 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты.
Байқауға қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржамал Муслимова байқау тақырыбынан ауытқымай, аша білу, шығармада сөз болған жайды басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы, грамматикалық жағынан сауатты жазылуы қажет екендігі түсіндірілді.
Байқауға қатысушылар өз шығармаларында адалдық пен парасаттылық туралы өз ойларын жазып, Абайдың сөздерінен, мақал-мәтелдердегі адалдық туралы мәліметтерді келтіре отырып, бала бойына адалдықты жас кезінен бастап сіңіру қажеттігін атап өткен.
Байқауға қатысқан үміткерлердің шығармалары арнайы құрылған комиссия тарапынан сараланып, нәтижесінде бірінші орынды Көксу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Мантубаев, екінші орындарды аудандық «Жастар ресурстық орталығының» әдіскері С.Құдайбергенова мен №16 колледж студенті Б.Тыстыбай, үшінші орындарды Шардара қаласының белсенді жасы М.Утебек, Жаушықұм ауылдық округі әкімі аппаратының қоғамдық негіздегі жұмысшысы Б.Сәрсенбай, аудандық жер қатынастары бөлімі-нің әдіскері С.Құрбанәлиев иеленді.
Жеңімпаздар мен өзге де қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінің марапаттары мен сыйлықтарын бөлімнің теолог-маманы Асылхан Данияров табыстап, қатысушыларға алдағы байқауларға да қатысып, жүлделі бола берулеріне тілектестігін білдірді.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ