ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Нашақорлықпен күрес – баршаға ортақ

Әлеумет
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен есірткі, психотроптық заттар немесе сол тектес заттарды тұтынудың, нашақорлықтың себептерін, оларды насихаттау, жарнамалауға тосқауыл қою бағытындағы іс-шараларды талқылау бойынша мәжіліс өтті.
Мәжілістің өзектілігіне байланысты оған аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров, қала тұрғындары, мекеме басшылары мен мектеп директорлары, ардагерлер қатысты.
Мәжілісті аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Аудандық прокуратураның прокуроры Әшімхан Сәбит Бақтыбайұлы өзінің баяндамасында нарколо-гиялық заттарды ересектермен қатар жастардың, тіпті мектеп оқушыларының да пайдаланатындығын, оның соңы үлкен қасірет әкелетіндігін, сонымен қатар оның алдын алу шараларының өз нәтижесін беріп отырғандығын атап өтті. Оны тұтынған мектеп оқушыларының сыртқы келбеті жайлы:
–Сөйлеу мәнері өзгереді, көзінің қарашғының көлемі өзгеріп, баланың терісінен, киімдерінен өзгеше иістің шығуы, қозғалу координациясының бұзылуы, тәртібінде жан-жағындағы оқиғаларға бейтараптық, үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, сынағанды көтере алмау, баланың көңіл-күйінің ауытқуы, ақша сұрау, үйдегі бағалы заттардың жоғалуы, белгісіз адамдармен телефон арқылы сөйлесуі, – деп атап өткен Сәбит Бақтыбайұлы одан әрі есірткіні қалай тасымалданып, таратылу жолдарына тоқталды. «Нашақорларға кішкене бір дыбыс тау құлап жатқандай естіледі. Алдында жатқан бір тал шыбық үлкен бөренедей болып елестейді» деді.
Келесі кезекте баяндамашыға аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, Майқала шағын ауданының биі Таңсықбай Сахов, заңгер Ізатілла Құрманбай тағы басқалар сұрақтары мен өтініштерін айтып, тиісінше жауабын алды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан прокуроры Алмас Ермекұлы нашақорлықтың еліміздің дертіне айналғанын, оған тосқауыл қою баршаға міндет екендігін, бұл бағытта әрекетсіздік таныту есірткі өнімдерін жастар арасында одан әрі таралуына жол беру болашақ ұрпақтың жойылуына бірден-бір себеп болуы мүмкін, соған орай аудандық прокуратураның бастамасымен «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясының өткі-зіліп жатқандығын, акцияға жергілікті полиция, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен тұрғын үй иелерінің белсенді қатысқаны, көпқабатты үйлерде адамдар көп шоғырланатын жерлерді жою жұмыстарының жүргізілгенін атап өтіп, алдағы кезде жергілікті полицияға атқарушы органдармен бірлесіп, айтылған бағыттарда есірткі таралуының алдын алу жұмыстарын жалғастыру керектігі жөнінде тапсырма берді.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda