ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Әріптесіміз төсбелгі тағынды

Әлеумет
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Республикалық «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының төрағасы Есенгелді Сариев пен орынбасары Изатулла Құрманбай ауданымыздың өркендеп өсуі мен дамуына өз үлестерін қосқан ардагерлерді құттықтап, Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының директоры Әзімхан Әріпхановтың «Еселі еңбегі үшін – Еңбек даңқы» төсбелгісін табыстады.
Олардың қатарында елу жылдан астам журналистика саласында жемісті еңбек етіп жүрген қаламы қарымды, тағылымы мол аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінің тілшісі Жаңабай Сейдуәлиев, ауданда мал басының артуына атсалысып, тауарлы-сүт фермасында ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еткен, зейнеткерлікке шықса да қоғамдық жұмыстан қол үзбеген ауыл биі Тастан Пірманов пен Қазақстан ауылында қарапайым сушылықтан звено жетекшісі болып, күріштен мол өнім алуға өзінің үлесін қосқан ауыл биі Тайырхан Қарсақбаевтар бар.
Марапат иелерімен қатар әріптесіміз Жаңабай Әліқұлұлын жаңа жетістігімен құт-тықтап, алда шығармашылық шабыт тілейміз. Журналистік шығармашылық қабілеті шәкірттеріне үлгі болып, ақылдың кемеліне, шығармашылықтың кемеріне келген, мақалалары оқырман қауымынан жоғары бағасын алып жүрген әріптесімізге денсаулығы мықты болып, құрметке бөлене беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
«Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda