Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде бас маман қызметін атқаратын азаматтық қорғау подполковнигі Сатбаев Абай Қылышбайұлы 2024 жылдың қорытындысында аудандағы елді мекендер мен объектілерде азаматтық қорғау мәселелерін шешуге көмек көрсеткені, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартуға бар күш-жігерін салып, өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нормаларды жүзеге асыруға атсалысқаны үшін Шардара ауданының «Жылдың үздік құтқарушысы» номинациясына ие болды.
Абай Қылышбайұлы бұл салада 25 жылға жуық еңбек етсе, оның он жылдан астам мерзімінде бас маман қызметінде. Кәсіби тұрғыда дайындығы жоғары, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша білімі терең. Стратегиялық маңызы бар объектілердің басшыларымен өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде дөңгелек үстелдер мен жиындар өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да кең көлемде жариялап отырады.
Қызметіндегі жұмысы үшін ҚР төтенше жағдайлар министрінен, ТЖД басшылығынан бірнеше рет марапатталған. «ҚР Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3,2,1 дәрежелі, «ҚР ішкі істер министрлігіне 20 жыл», «Өртке қарсы қызметінің құрылғанына 100 жыл», «ҚР Шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл» төсбелгілерінің иегері.
Білікті де сауатты. Жас мамандарды отансүйгіштікке, құтқарушы қызметіне баулып, өз тәжірибесін үйретіп жүрген Абай Қылышбайұлын марапатымен құттықтап, алдағы жұмыстарында мол жетістіктер тілейміз.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ