ШАРТАРАП ШАРАЙНА

РОТАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әлеумет
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан әкімдігінде өткен жиында Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлының ротация тәртібімен басқа ауданға ауыз-суына байланысты Мақтаарал ауданынан ауысқан аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлын аудан активіне таныстырып, алдағы уақытта бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Бауыржан Қуанышбайұлына жаңа қызмет орнында сәттілік тілеп, жемісті еңбек етуіне ниеттестігін білдірді.
Жаңа орынбасар Бейсенбай Тасболатұлы ауданның ішкі саясат, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту бөлімдеріне жетекшілік ететін болады.
ТӨРЕБЕКОВ БЕЙСЕНБАЙ ТАСБОЛАТҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы 1965 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1983 жылы №3 «Жетісайсельстрой» тресінің №307 ЖМК-да жұмысшы болып бастаған. 1984-1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
1986-1988 жылдары Жамбыл есеп-санақ техникумында білім алған. Кейін 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін, 2013 жылы Сырдария университетін тәмамдап, өнеркәсіп бухгалтері, бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану мамандықтарын игерген.
Еңбек жолындағы негізгі қызметтері:
1988-1991 жж. – Киров аудандық статистика және білім бөлімдерінде экономист, аға экономист, қоймашы;
1991-1992 жж. – «Сәулет» кооперативінде бухгалтер, төраға;
1992-1997 жж. – Киров аудандық қаржы бөлімінде аға есепші, бас маман, бас бақылаушы-тексеруші, ішкі бақылау қызметі бөлімінің бастығы;
1997-2017 жж. – Мақтаарал аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы;
2017-2018 жж. – Іріленген Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары;
2018 жылдан осы уақытқа дейін – Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары.
Төребеков Бейсенбай Тасболатұлына жаңа қызметінде жетістіктер мен жемісті еңбек, асқақ абырой тілейміз.
«Шартарап - Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda