Қазақ халқының тәрбие мен дәстүрге бай мәдениетінде әженің алатын орны ерекше. Әже – отбасының ақылшысы, тәрбиенің бастауы, салт-дәстүрлерді ұрпаққа жеткізуші алтын көпір. Ұлтымыздың «Әже тәр-биесін алған бала жаман болмайды» деген сөзі осы бір ұлы аналардың қадір-қасиетін айшықтай түседі.
Өткен аптада аудандық Ардагерлер кеңесінде өткен іс-шара әжелердің қоғам-дағы орны мен тәрбиелік рөлін дәріптеуге арналды. «Әжелер алқасының» төрайымы Гүлзакира Исаева ұйымдастырған бұл бас-қосуға Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, «Әкелер мектебінің» төрағасы Нұрғали Ыбырайым, ардагерлер мен әжелер алқасы бастауыш ұйымының жетекшілері қатысты.
Алдымен сөз алған Тоқсанбай Бердібеков әже-лердің ұрпақ тәрбиесіне қосқан баға жетпес еңбегін атап өтіп:
– Қазақтың «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» деген даналығы ешқашан ескірмейді. Әр ана мен әже тек өз отбасының емес, тұтас ұлттың ұйытқысы екенін ұмытпай, тәрбиені жанашырлықпен қолға алуы қажет. Бұл – ел болашағының кепілі, – деп, тәрбие ісінде қоғам болып бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын айтты.
Кездесуде Гүлзакира Исаева өткен жылы әжелердің қатысуымен өткен іс-шараларды қорытындылап, биылғы жылы жүзеге асатын жоспарларымен бөлісті:
–Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, әсіресе отбасы тәрбиесіне назар аудару – біздің басты мақ-сатымыз. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші, бала-бақшаларда «Әжем айтқан ертегі» атты жобаны жан-дандырып, балаларға ұлттық ойындар мен ертегілерді дәріптеуді жалғастырайық, – деді.
Сонымен қатар, ол қыздар тәрбиесіне тек әке мен ананың емес, бүкіл ауылдың жауапты екенін атап өтті. Әсіресе, әжелердің ақыл-кеңесі жас буынның дұрыс жолға түсуіне зор ықпал ететінін еске салды.
Өткен жылы Алатау батыр ауылында «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» атты семинар өтіп, халықтың жоғары бағасын алғаны да айтылды. Бұл кездесулердің нәтижесінде бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, ке-лешектегі жоспарларға бағыт берілді.
Басқосуда Республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының шешімімен, тәрбиелік салаға қосқан үлесі үшін бірнеше әжеге «Мәртебелі есім» медалі табысталды. Марапат иелері қатарында Айдарова Жаңылай, Ақжар Мәрия, Исаева Гүлзакира, Әділбек Мәрия Кәрімқызы Зерия, Мошқалова Анар, және басқа да ұлағатты әжелер бар.
Жиын барысында әжелер тарапынан балабақшалар мен мектептерде тәрбие сағаттарына белсене қатысу, аналар мен әжелердің бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыру, сондай-ақ «Әкелер мектебі» секілді ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту туралы ұсыныстар айтылды. Әр ауылда әжелер алқасының бастау-ыш ұйымдарының жұмыс кабинеттерін жабдықтау жөніндегі ойлар да қолдау тапты.
Әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы – қоғам үшін баға жетпес қазына. Осындай кездесулер ел бірлігін нығайтып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ