ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ИСЛАМ ДІНІ МЕН ҰЛТЫМЫЗДЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Әлеумет
Дін дегеніміз – тек сенім жүйесі емес, өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар жүйесін қалыптастыра аламыз. Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлт-тың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерек-шелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүр-лері мен әдет-ғұрыптары. Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. Сондай-ақ, Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырған. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде сақталған діни дәстүр-лер: сүндеттеу, неке қию, Құрбан айт пен Ораза айт, жарапазан, садақа, пітір таратып, бата беру, тәуіптік емдеу әдісі, тасаттық жасау діни жо-ралғылардың өміршеңдігін көрсетеді. Сондай-ақ мазарлар мен кесене-лер, мешіттер мен медреселер халқы-мыздың тарихында ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде қызмет атқарды. Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабалары-мыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен. Дәстүрлі руха-ни құндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпаған халықтың болашағы зор болмақ. Ұлыстың ұлы күнін тойлау, жеті атаға дейін қыз алыспау, ата-бабалар мазарына зиярат жасау секілді ғұрыптардың бәрі мұсылман дінінен ауытқушылық немесе қарсылық емес, ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып. Сол әдет-ғұрыптың бәрі де исламның аясында да дамуын жалғастырып, өмір сүріп келеді. Қазақ халқының өзге мұсылман халықтарынан еркешелеп тұратын басты ерекшеліктерінің бірі – жеті атаға дейін үйленуге тыйым салуы. Бұл қатаң түрде сақталған әдеттердің бірі Исламнан бастау алады. Пайғамбар (с.а.с) өз хадистерінде жақындары мен туыстық байланысы барлардың қосылуларынан сақтандырған. Өйткені туыстық байланысы бар жұбайлардан туылған бала әлжуаз, денсау-лығы нашар болып туады. Пайғамбар (с.а.с) былай дейді: «Алыстан алыңдар, ұрпақтарыңды әлсіретпеңдер» деген. «Қыз бала дауысын қатты шы-ғарып күлмейді», «Түнде шашын жаймайды», «Қонақ алдында талтайып отырмайды» деген қазақ, қыз баласына төрден орын берген. Әрбір қызды өзінің қарындасындай көріп, тіпті олар үшін соғысуға дайын болған. Қыздарымыз бастарынан орама-лын тастамай, бөтен ер кісілермен сөйлесуді ар санаған. Исламда да қыз баласын құдды бір жауһарға теңеп, оның зейнетін бөтен ер кісілерге көруге тыйым салады. Ер кісілермен сөйлеспек түгілі, олармен бір отырыста отырмауды әдет санайды. Орта Азияда етек жайған Әбу Ханифа (р.а) мәзһабының құндылықтарына тоқталар болсақ, Исламның қазақ даласына енген алғашқы әрі одан кейінгі кезеңдерінде оның дүниетанымдық көпқырлылығы, әсіресе адамгершілік мәселелері адамның күнделікті тіршілігінде ғана емес, даланың дана ойшылдарының философиялық тұжырымдарында да көрініс тапты. Исламның ерекше мәдени жетістігін және оның өзара диалог пен түсіністікке негізделген әлем мәдениетінің айнасы екенін атақты бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби, одан кейін оның ізбасары, энциклопедиялық білімдар және ғы-лым қақпасын ашқан Ибн Сина, өзі-нің тауил теориясы арқылы Қазақстанға Матуридилік мектептің кең таралуына жол ашқанды. Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресі, 13-аятында: «Әй, адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың - тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» деп айтқан. Ислам діні әлемдік дін бол-ғандықтан ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отыра ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) араб халқының Исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа қайшы келмеген әдет-ғұрыптарының сол қалпында қолданылуына тыйым салған жоқ. Айша анамыздан (р.а) жеткен хадисте «Бірде Әбу Суфиянның әйелі Хинд Алла елшісіне (с.а.с) келіп: «Әбу Суфиян сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмайтын болсам, ол маған және бала-шағама жететіндей нәпақа бермейді» деді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с): «Өзіңе әрі балаңа ғұрыпқа сай жететін нәрсені ал!» деп жауап берді. Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діні – Ислам, шариғаттағы іс-амал мазһабы – ұлы имам Әбу Ханифаның (р.а) мазһабы. Ал діни дүниетанымдық ұстанымы Исламның негізгі қайнар бұлақтары – Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетіне негізделген Сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде Әбу Мансур әл-Матуридидің (р.а) мектебі болып табылады. Ендеше, дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәденитімізді ұлағаттаған, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз.
А.ДАНИЯРОВ –
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог-маманы
Made on
Tilda