Алғыс айту күні – адамдардың бір-біріне шын жүректен ризашылық білдіріп, шынайы алғыс айту арқылы өзара құрмет пен ізгілік көрсететін мейрам. Бұл күн – жүректен шыққан жылы сөздер арқылы қарым-қатынастарды нығайтып, бір-біріне деген мейірімділік пен сыйластықты арттыруға арналған ерекше сәт.
Жуырда «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 1 наурыз — «Алғыс айту» мерекесіне орай «Алғыс — жүректен» атты іс-шара өтті. Осы күннің мәні – әрбір жүректің шынайы алғысын сөзбен емес, іс-әрекет арқылы жеткізуінде. Ризашылық білдіру – тек әдемі лебіздер ғана емес, ол адамның ішкі әлемінің тазалығы мен адалдығын бейнелейтін асыл қасиет. Қазақтың дана нақылы «Алғыс айтқан адамға Алланың да разылығы жаусын!» сөзінің мағынасы күннің мәнін тереңірек түсінуге септігін тигізеді.
Мерекелік іс-шараны «Қасиет» орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Бақтыбай Исмайлов ашты. Ол келушілерді 1 наурыз — «Алғыс айту» мерекесімен шын жүректен құттықтап, ризашылықтың қаншалықты маңызды екенін насихаттады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген нақылдың астарында әрбір алғыс сөзі шынайы ниет пен мейірімнің белгісі екенін айтты.
Мерекелік кеш барысында орталықтың ардагерлері ерекше көңіл-күйде болды. Тұрсынбеков Әлібай «Алғыс айту» тақырыбына арналған жыр-шумақтарымен қатысушыларды рухани нәрлендірсе, Ағманова Болсынай Әлібай ағамыздың жырларын шеберлікпен оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, «Қасиет» және «Әжелер» тобы өз өнерлерін ортаға салып, «Алғыс» және «Саржайлау» әндерімен мерекеге қатысушылардың жүрегін жылытты. Сонымен бірге Ахатаева Ұлболсынның «Бақыт жайлы», Қантакова Гүлнардың «Аягөз қайда барасың?», Авельбекова Айткүлдің «Есіңе мені алғайсың» және Тілегенова Қалданның «Бозбеткейлі» әндері де іс-шараға ерекше нақыш қосып, жан дүниені сергітті.
Шардара аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары да өз өнерлерімен ата-апаларымызды қуантып, көңілді әндер айтып, би билету арқылы мерекенің сәнін арттырды.«Адамдықтың белгісі алғыс айтуда» демекші бұл кеш адамгершілік, мейірімділік пен ізгіліктің мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Бұл сөзді айтқанда айтқанда, әрбір ризашылықтың артында шын жүректен шыққан ниет пен мейірім жатқанын еске салады. «Ризашылық білдірген адамды Алла да сыйлайды» деген даналықты ұмытпай, өмірімізде тек жақсылықтың орын алуына атсалысайық.
Аяжан ТӘЖІ