ШАРТАРАП ШАРАЙНА

16- маусым - құрбан айт мерекесінің бірінші күні!

Әлеумет
Бүгін һижри жыл санауы бойын-ша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұн-дай жыл санақ ай фазасының өзге-руіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай бас-талады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.
Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақы-лайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.
Зул-хижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғиба-дат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйт-кені, хадистерде сол уақытта орын-далған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
Ал арапа күні ораза тұту – сүн-нет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіру-ді үміт етемін», – деген.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсыл-манға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббың-ның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйыр-ған.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген отан-дастырымыздың қажылығы қабыл болғай. Әмин!

muftyat.kz
Made on
Tilda