ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жерлестеріміз мемлекеттік наградаларға ие болды

Әлеумет
Түркістанда Республика күніне арналған «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара өтті. «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кештің көрнекті сәттері ұлттық мерекенің мәні мен маңызын жан-жақты айшықтады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тұрғындарын Ұлық мерекемен құттықта-ды. Сонымен қатар, өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар облыс әкімі бірқатар азаматтарға Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген марапаттарды табыс етті.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталғандар арасында жерлестеріміз де бар. Атап айтқанда, білім саласының ардагері Талбидин Зәкірхан Раманқұлұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры Бақтыкерей Омар Әсенұлы мен ауыл шаруашылығының ардагері Мұсаева Ақілгек Құрбанқызы «Шапағат» медаліне ие болды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, жерлестер!
«Шартарап-Шарайна»
газетінің ұжымы
Made on
Tilda