ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Әлеумет
Жуырда «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткіз-ді.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері негізінен: тұрғын үй, мектептегі ұжымдық жұмыс мәселесі, электр қуатының бағасы, тұрғын үй кезегіне тұру, мемлекеттік бағдарламамен жұмысқа тұру, газ кіргізу, тал егу, зейнеткерлердің демалыс орындарына баруы және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөнінде болды.
Шардара ауданы әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы барлық айтылған өтініш-сұрақтың шешу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, жауапты бөлімдерге мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды істеуді тапсырды.
Қияш Еркебұлан Тәттібайұлы –
"AMANAT" партиясы Шардара аудандық филиалының кеңесшісі.
Made on
Tilda