ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«КӘСІБІМ – МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Әлеумет
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен “Jalyn” қоғам-дық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шардара қаласында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім – менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталанды-руға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг, экскурсия мақ-саты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарық-тық қатынастардың тиімділігін түсін-діру. Жастарға беріліп жатқан мемле-кеттік бағдарламаларды насихаттау.
Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін та-маша мүмкіндік. Себебі, мұнда “Жас-тарға арналған 2,5 % несие”, “Биз-нестің жол картасы – 2025”, “Бастау бизнес” жобалары жөнінде ақпарат-тармен бөлісті.
Шарада, бизнес-тренер Муталов Нұржігіт жастарға арналған мемле-кеттік бағдарламалар бойынша ақ-парат беріп, семинар-тренинг өткізді. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағ-дарламалар бар. Осы бағдарлама-ларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.
Семинар-тренинг бағдарламасын-да облысымыздағы маңызды кәсіп-орындарға экскурсия жасалатын бо-лады. Өңірімізге белгілі кәсіпкерлер өздерінің аудан, қалаларында жер-лестерінің кәсіпте-рімен таныстырып, жетістіктері жайын-да айтатын болады. Егер де сіз де өз кәсібіңізді ашып мил-лионер атанғы-ңыз келсе, өз аудан, қалаңызда өтетін семинар-тренинг-ке, экскурсияға қатыса аласыз.
Шара соңында, жастарға арнайы сертификаттар берілді.
Түркістан облыстық
“БАҚ пен қоғаммен байланыс” бөлімінің басшысы Нұрайым ЕРЖІГІТҚЫЗЫ
Made on
Tilda