ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жаңа еріктілер құрамы құрылды

Әлеумет
Қауіптің алдын алу мақсатында, оның ішінде жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, апатты жарылыс кезіндегі және төтенше жағдайлардағы түрлі апатқа дайын болу үшін ТЖ волонтерлігі «Жақсылық жаса 2.0» жобасы аясында, аудандық Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте сиреналық қондырғылар іске қосылып оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығуға Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің мамандары және ме-дицина қызметкерлері қатысты.
Жаттығу барысында ТЖ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Сәтбаев Абай ТЖ аймағынан балаларды эвакуациялау, мемлекеттік құтқару қызметтеріне жәрдемдесу, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек және психологиялық қолдау көрсету, ТЖ аймағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау және тағы да басқа тақырыптар жөнінде ақпарат берді.
Практикалық дағдылардың арқасында еріктілер төтенше жағдайға сауатты әрекет етуді және мұқтаж адам-дарға төтенше жағдайда ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық жағдайларда да жедел алғашқы көмек көрсетуді үйренді. Мектеп қызметкерлері де, оқушылар да тосын жәйт орын алғанда мейлінше дайын болғаны абзал.
Халқымызда «Сақтықта қорлық жоқ» дейтін тамаша сөз бар. Сол себепті де кез келген төтенше жағдайға дайын болып жүргеннің артықтығы жоқ екені мәлім.
Ал, осындай оқу-жаттығулар оқушылар мен ұстаздар қауымына төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керектігін үйретеді.
Жаттығу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қол-дауымен жүзеге асыру жобасы аясында жаңа еріктілер құрамы құрылды. Еріктілер құрамы алдағы уақытта іс-шараларды ойдағыдай өткізу үшін 3 командаға – су айдынындағы қауіпсіздікті насихаттаушы еріктілер, өрт қауіпсіздігін насихаттаушы ерік-тілер, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттаушы еріктілер болып бөлінді.
Мен «Зерек» Қоғамдық қорының төрайымы ретінде еріктілерге салтанатты түрде сертификаттарды табыстап, сөз соңында еріктілердің жұмысының маңыздылығын атап өтіп, алда еріктілердің ерен еңбектерінің ақталуын тіледім.
Алдағы уақытта еріктілердің азаматтық қоғам дамуында белсенділік танытып жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдіміз.
НАРМУРАТОВА Ақмейір Азретқұлқызы –
«Зерек» Қоғамдық қорының төрайымы
Made on
Tilda