Толеранттық латын сөзінен аударғанда төзімділік - өзіндік айырмашылықты, өзгешелікті, ерекшелікті мойындау, басқа түрлерге төзімділікпен қарау, өзге сенімдегі, көзқарастағы, әрекеттегі кісілердің таңдау құқын құрметтеу, қақтығыстарды өзара сұхбат пен келісім арқылы шешу жолын қарастыру, зорлық күшке жүгінбеу, дөрекі, не мәдениетсіз амалдарды қолданбау, кешірімшіл және жанашыр болу секілді осы заман қоғамындағы түрлі сенімдер мен бағыттардың қатар өмір сүру және өзара сәйкесу ережесі. Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол - рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі дау-дамайға, тәртіпсіздікке, адам құқығының бұзылуына алып келеді. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу - Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын сыйлауға, бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. Толеранттылық рухани келісім қағидаттары дәстүрлі діндердің бәріне тән. Дінаралық татулықты сақтау қағидатына Исламда баса мән берілген. Пайғамбарымыздың хадисінде «Мұсылман - өзгелер қолы мен тілінен зиян көрмеген адам» деген. Діндер арасындағы татулық негізін сақтауға да қатысты деуге болады. Басқа дін өкілдерімен тату-тәтті қарым-қатынаста болу - Ислам шариғаты бұйырған іс-амалдардан саналады. Бүгінде Қазақстан көптеген ұлттар өкілдерінің ортақ үйі, қасиетті Отаны болып отыр. Діні, мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі әртүрлі ұлттардың елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны абыройымызды арттыра түсуде. Бұл мәселеде Қазақстанды әлем үлгі тұтады. Ұлы Даламызда бұрыннан қалыптасқан толеранттылық, төзімділік үрдістері бүгінгі Қазақстан қоғамындағы азаматтық татулық пен келісімнің, ұлтаралық, дінаралық теңдіктің бастауында тұр.
Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, айырмашылыққа, бөтендікке төзе білу, басқа түрді қабылдай білу қатарлылар айтылады. Толеранттық жеке адамның, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табады. Ол психологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық мінез дәстүрі ретінде қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдардың кикілжіңін жоққа шығарушы ретінде қарастырылады. Қорытындылай келе, толеранттылықты тәрбиелеу - жастарды дін саласындағы жағымсыз көріністерден қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруда үлкен профилактикалық мәнге ие және төзбеушіліктің алдын алудың тиімді құралы болып табылады деп айтқым келеді.
А.Данияров —
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог-маманы